Атырау, 29 маусым 19:57
 ашықВ Атырау +17
$ 471.46
€ 504.79
₽ 5.53

Тараз түбіндегі әскери қоймада тағы да жарылыс болды

1 812 просмотра

Жамбыл облысы Байзақ ауданында жақында өрт шыққан әскери қоймада тағы да жарылыс болды, деп хабарлайды sputnik.kz. қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап

"26 тамызда өрт шыққан инженерлік оқ-дәрілер қоймасының аумағында бүгін, 29 тамыз күні сағат 12.20 шамасында жарылыстың даусы естілді. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ, оқиға орнында адам болмаған", - делінген ресми хабарламада.

Төтенше жағдайдың себептері анықталып жатыр.

Тараз маңындағы жарылыс

Қайғылы оқиға 26 тамыз кешкі жетілер шамасында болды. Жамбыл облысы Байзақ ауданында әскери бөлім қоймаларының бірінде өрт шығып, артынша оннан астам жарылыс болды. Белгілі болғандай, қоймада инженерлік оқ-дәрі сақталған. Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевтың айтуынша, өрт тротил сақталған қоймадан басталған.

Соңғы мәлімет бойынша оқ-дәрі қоймасындағы жарылыстан 13 адам қаза тапты. Олардың арасында әскери қызметшілер, өрт сөндірушілер, құтқарушылар, әскери прокурор бар. Тағы үш адам іздестіріліп жатыр.

Бүгін, 29 тамыз Қазақстанда Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әскери және қызметтік борышын атқаруда көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін Жамбыл облысында әскери қоймадағы жарылыстан қаза тапқан азаматтарды мемлекеттік наградамен марапаттады.

29 тамыз 2021, 19:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 700 672 70 30 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.