Атырау, 29 маусым 20:49
 ашықВ Атырау +17
$ 471.46
€ 504.79
₽ 5.53

«Алғашқы қоңырау» тек бірінші сыныпқа өтеді

2 014 просмотра

1 қыркүйекте «Алғашқы қоңырау» шарасы тек 1-сынып оқушылары үшін ата-ананың біреуін қатыстырып ұйымдастырылады. Бұл туралы брифингте облыстық білім беру басқармасының басшысы Сатқан ЕСЕНҒАЛИЕВ айтты. Ал 2-11 сынып оқушыларына «ҚР тәуелсіздік жетістіктері» тақырыбында сынып сағаты өтеді.  

Биыл 1-сыныпқа 14 355 бала барғалы отыр. Соның ішінде 76 пайызы қазақ тіліндегі сыныптарда оқуға ниет білдірген. Ал облыс орталығындағы мектептерде 1-сыныпқа 8711 оқушы бармақ, оның ішінде қазақ сыныбына - 6 103 бала, орыс сыныбына - 2608 бала.

Білім беру ұйымдарында бүгінде 14 445 педагог жұмыс жасайды. С.Есенғалиевтің айтуынша, мұғалімдер де, техникалық қызметкерлер де толық екпе алған. Тек қаладағы 100-ге жуық мұғалім мен техникалық қызметкер ауырып қалуына байланысты кезеңі келгенде алады. Ал әзірше мектепке апта сайын ПЦР-тест тапсыру арқылы келіп жасайды.

Барлық мектеп «Ашық» қосымшасына қосылған, жеткілікті мөлшерде медициналық маска, санитайзер, тері антисептиктерімен қамтамасыз етілген.

Жоғары оқу орындарының жатақханаларына да «Ашық» қосымшасы арқылы жіберіледі. 

Айнұр САПАРОВА 

30 тамыз 2021, 17:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 700 672 70 30 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.