Атырау, 29 маусым 20:15
 ашықВ Атырау +17
$ 471.46
€ 504.79
₽ 5.53

Құрғақшылықтан зардап шеккен шаруалар сақтандыру төлемдерін алып жатыр

1 619 просмотра

Құрғақшылықтан зардап шеккен алты облыстың шаруаларына сақтандыру келісім шартына сәйкес төлемдер төленіп жатыр, деп хабарлайды ЭК.

Елімізде ұзаққа созылған құрғақшылықтың салдарынан егістік алқаптары зардап шекті. Аптап ыстық пен су тапшылығы фермерлердің жақсы өнім алуға деген үміттін ақтамады. Сол себепті еліміздің ауыл шаруашылығы министрлігі келген шығынды есептеп, өз жерлерін сақтандыру компанияларына тіркеген шаруаларға тиісті төлемдер алуға жәрдемдесіп жатыр.

Министрлік ұсынған мәліметке сүйенсек, қуаңшылықтан жапа шеккен шаруаларға сақтандыру компаниялары 729 млн теңге төлеген. Сақтандыру төлемдерін Шығыс Қазақстан, Ақмола, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының және Нұр-Сұлтан қаласының шаруалары алды.

27 тамыз 2021, 17:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 700 672 70 30 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.