Атырау, 29 маусым 20:40
 ашықВ Атырау +17
$ 471.46
€ 504.79
₽ 5.53

«Қашықтан оқу болмайды, оқушылардың бәрі мектепке келуі керек»

2 386 просмотра

Жаңа оқу жылында оқушылар мектепке барып оқиды. Ал ата-аналар жиналысы, мәдени-тәрбиелік көпшілік іс-шаралар онлайн өткізілмек. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылды.

Қазір мектеп әкімшіліктері мен қалалық білім бөліміне көп ата-анадан баласын «қашықтан» оқуға қалдыру туралы өтініш түсіп жатыр. Бұған қалалық білім бөлімінің басшысы Фаруза ШАНГЕРЕЕВА былай деп түсіндіріп кетті:

- Қашықтан оқу болмайды, оқушылардың бәрі де мектепке келуі керек. Мектепке келуге қарсы көрсетілімі туралы анықтамасы болса ғана үйден оқытылады.

Айта кету керек, жаңа оқу жылында әр сыныпта 25 оқушыға дейін оқиды. Егер сыныптан бір оқушыдан болса да коронавирус анықталса, бүкіл сынып 14 күн карантинге жабылады.

Биыл облыстағы 197 мектепке  (оның ішінде 62 мектеп Атырауда) 143 мыңнан астам оқушы барады. Бәрі де жаздағы ағымдық жөндеуден өткен. Мұхтар Әуезов атындағы №7 мектеп күрделі жөндеуден өтіп, ол да оқушыларды қабылдауға дайын.

Айнұр САПАРОВА

30 тамыз 2021, 17:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 700 672 70 30 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.