Атырау, 29 маусым 20:22
 ашықВ Атырау +17
$ 471.46
€ 504.79
₽ 5.53

Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні

1 705 просмотра

29 тамыз Қазақстанда Жамбыл облысының Байзақ ауданында болған қару-жарақ қоймасындағы жарылыстан 13 адам қаза тапқан қайғылы оқиғаға байланысты Жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды.

Қазіргі уақытта құрбан болған 10 адамның аты-жөні белгілі:

1. Темірболатов Арнұр Серікұлы - Жамбыл облысы ТЖД "ӨСжАҚЖҚ" ММ Тараз қ. 3-ӨСБ өрт сөндіруші-құтқарушы;

2. Сандыбаев Елдос Қадырбайұлы - Жамбыл облысы ТЖД "ӨСжАҚЖҚ" ММ Тараз қ. 3 – ӨСБ аға өрт сөндіруші-құтқарушы;

3. Микропуло Александр Николаевич - Жамбыл облысы ТЖД "ӨСжАҚЖҚ" ММ Өрт сөндіру кезекші қызметінің жедел кезекшісі; өрт сөндіру басшысының орынбасары;

4. Төребеков Тәңіберген Кұдайбергенұлы - Жамбыл облысы ТЖД "ӨСжАҚЖҚ" ММ Тараз қаласы 1 – МӨСБ аға өрт сөндіруші-құтқарушы;

5. Айманов Мейіржан Қақпосынұлы - Жамбыл облысы ТЖД "ӨСжАҚЖҚ" ММ бастығының орынбасары.

Сондай-ақ, үш адамның денесінің жеке бас мағлұматтары анықталып жатыр. Жоғалған үш адам іздестірілу үстінде.

Бұдан басқа, Жамбыл облысында өртті сөндіру кезінде ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің 50 шақты қызметкері жарақат алды.

Еске салсақ, 2021 жылы 26 тамызда сағат 19:00 шамасында Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімшеде инженерлік оқ-дәрі қоймасынан өрт шыққан. Нәтижесінде, соңғы мәлімет бойынша, 13 адам қайтыс болды, 98 адам жарақат алды.

29 тамыз 2021, 01:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 700 672 70 30 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.