Атырау, 29 маусым 20:29
 ашықВ Атырау +17
$ 471.46
€ 504.79
₽ 5.53

Атырау облысында бір тәулікте 315 адам Covid-19 жұқтырған

1 828 просмотра

Қауіпті инфекцияның таралу ошағы Атырау қаласы болып отыр деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. 

Соңғы тәулікте өңірде коронавирустық инфекциямен 315 науқас анықталды. Атап айтқанда, Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 175 жағдайы расталды. Скрининг нәтижесінде Теңіз кен орнында 50 науқас анықталды. 

Инфекция облыстың аудандарында да таралуда. Жылыой ауданында - 24 жағдай, Индер ауданында - 19 науқас анықталған, Исатай ауданында - 9, Қызылқоға ауданында - 16, Құрманғазы ауданында - 5, Мақат ауданында - 5, Махамбет ауданында - 12 адам. 

Коронавирустық инфекциясы бар 220 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде. 95 адамда ауру белгілері жоқ. 

Өткен тәулікте облыста коронавирустан 481 адам емделді.

Қазір 7 881 адам үй жағдайында, модульдік ауруханада - 190, екінші облыстық ауруханада – 191 пациент, фтизиопульманологиялық орталықта - 63, кардиоорталықта - 82, т/ж ауруханасында - 83 адам ем алуда, облыстық ауруханада - 97, жатақханада - 75, аудандық инфекциялық стационарларда - 316. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда - 576 науқас.

Айта кетейік, инфекцияның таралу қарқыны бойынша Атырау облысы "қызыл" аймақта.

28 тамыз 2021, 11:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 700 672 70 30 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.