Атырау, 26 маусым 14:26
 дождьВ Атырау +29
$ 485.40
€ 550.69
₽ 6.41

Ресей наразылық білдірді: Молдова әуежайында дипломатиялық курьерлер ұсталды

79 рет қаралды
Фото: Валерий Шарифулин/ ТАСС / AA
Фото: Валерий Шарифулин/ ТАСС / AA

Ресейдің Молдовадағы елшілігі Кишинев әуежайында РФ Сыртқы істер министрлігінің дипломатиялық курьерлерін бірнеше сағатқа ұстап қалғанына байланысты ресми наразылық білдірді.

Елшілік мәліметінше, молдаван тарапы олардың келуі туралы алдын ала хабардар болған. Дипмиссия Веналық конвенцияның 27-бабына сәйкес дипломатиялық курьерлердің жеке басына қол сұғылмайтынын және ешқандай жағдайда ұсталып не тексерілмеуі тиіс екенін еске салды.

Сонымен қатар, Молдова билігінің дипломатиялық хат-хабарды тексеру және мобильді құрылғыларды тапсыру туралы талабы халықаралық құқыққа қайшы деп бағаланды. Елшілік мұны «дипломатиялық поштаны бөгейтін деструктивті тәжірибе» деп атады.

Ресей тарапы Молдова билігін ұсталған курьерлерді дереу босатуға және оларға консулдық қолжетімділікті қамтамасыз етуге шақырды. Елшілік бұл әрекетті «қалыпты жұмысқа кедергі келтірудің кезекті талпынысы» деп сипаттап, оның салдары Молдова азаматтарының мүдделеріне әсер етуі мүмкін екенін ескертті.

Бүгін, 12:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.