Атырау, 29 маусым 20:05
 ашықВ Атырау +17
$ 471.46
€ 504.79
₽ 5.53

Тоқаев 29 тамызды Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады

1 491 просмотра

Тоқаев 29 тамызды Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады, деп хабарлайды Ақорда.

«Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы адам өліміне әкеп соқтырған қайғылы оқиғаға байланысты 29 тамызды Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялаймын. Қаза болған әскери қызметшілер мен құтқарушылар ерен ерлік пен нағыз жанқиярлық көрсетті. Ерлеріміздің есімі ел жадында мәңгі сақталады», деп жазды Президент Twitter-дегі парақшасында.

Жарлықтың мәтіні Ақорда сайтында жарияланған.

"Жамбыл облысының Байзақ ауданында оқ-дәрілер қоймасындағы өрт пен жарылыстардың салдарынан адамдардың қазаға ұшырауына байланысты Қазақстан Республикасында 2021 жылғы 29 тамызда жалпыұлттық аза тұту жариялансын".

28 тамыз 2021, 11:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 700 672 70 30 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.