
Маңғыстау облысы прокуратурасы кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау және алименттік төлемдерді өндіру бағытында жүйелі жұмыс жүргізіп келеді.
Ағымдағы жылы Маңғыстау ауданы прокуратурасының актісі негізінде алимент төлеуден қасақана жалтарған 9 адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды, тағы 14 борышкер әкімшілік жауаптылыққа тартылды.
Мысалы, азамат К. екі жыл бойы алимент төлемей, жұмысқа орналасудан бас тартып, берешегін өтемеген. Соның салдарынан 4,7 млн теңге қарыз жиналған. Соттың 2026 жылғы 22 сәуірдегі үкімімен ол кінәлі деп танылып, 1 жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде 39 баланың құқықтары қорғалып, олардың пайдасына 7,5 млн теңге өндірілді.
Прокуратура алиментті қасақана төлемеу қатаң әкімшілік және қылмыстық жауаптылыққа әкелетінін ескертеді.
В Атырау +29