Атырау, 25 желтоқсан 15:28
 ашықВ Атырау -9
$ 511.00
€ 602.72
₽ 6.49

Барлық жаңалық

Кейбір шекарашы браконьерлерге «қамқорлық» жасайды Атырауда

Кейбір шекарашы браконьерлерге «қамқорлық» жасайды

«АЖ» мәліметі бойынша, қазір ҚР ҰҚК Шекара қызметінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің біздің өңірде қызмет ететін төрт қызметкері Каспий теңізінің қазақстандық секторында браконьерлерге қамқорлық жасады деген күдікке ілінді. Жақында олардың үйлеріне тінту жүргізілді. 11 мамыр 2022, 16:30 1 808 рет қаралды
Атыраулық сарбаздың анасы: «Олар нағыз кінәліні ұстамады» Атырауда

Атыраулық сарбаздың анасы: «Олар нағыз кінәліні ұстамады»

22 сәуірде Жамбыл облысы Қордай ауданы Отар ауылындағы әскери бөлімде жұмбақ жағдайда қаза тапқан 18 жастағы сарбаз Әлібек ҚАЛБАЙДЫҢ өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Қасым-Жомарт Тоқаев қайғылы оқиғаға назар аударғаннан кейін күдікті – Атыраудан шақырылған Айболат АМАНЖОЛОВ ұсталды. Сурет 11 мамыр 2022, 15:22 2 514 рет қаралды
Шопанды даладан тікұшақпен және қызметтік итпен іздеді Атырауда

Шопанды даладан тікұшақпен және қызметтік итпен іздеді

10 мамыр күні сағат 11.15-тен бастап "Қазавиақұтқару" АҚ Ми-8 тікұшағы Құлсары қаласынан 150 км радиуста Жылыой ауданында 9 мамырда таңертеңгі сағат 8-де мал жаюға шығып, осы уақытқа дейін оралмаған 31 жастағы ер адамды іздестіру жұмыстарына жұмылдырылды. Сурет 11 мамыр 2022, 10:13 1 662 рет қаралды
 Хаменованың ісі сотқа жіберіледі, Таубаев пен Басаровтың үкімі жақын арада жарияланады Атырауда

Хаменованың ісі сотқа жіберіледі, Таубаев пен Басаровтың үкімі жақын арада жарияланады

Жақында «АЖ»-ға Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақтыгүл ХАМЕНОВАНЫҢ ісі сотқа жолданғалы жатқаны белгілі болды. Алайда кейінірек облыстық соттың баспасөз қызметі әзірге істің сотқа жетпегенін айтты. Шамасы мұның бәрі бірінен соң бірі болған мамырдағы мереке күндеріне байланысты болса керек. Әзірге Атырау облысы әкімінің бұрынғы бірінші орынбасары Нұрлан ТАУБАЕВ пен құрылыс басқармасының бұрынғы басшысы Тимур БАСАРОВТЫҢ ісі бойынша үкімнің жарияланатын нақты уақыты да белгісіз. 10 мамыр 2022, 19:54 1 885 рет қаралды
Төрт мектеп апатты жағдайда, бірақ биліктің жоспары бар Атырауда

Төрт мектеп апатты жағдайда, бірақ биліктің жоспары бар

Былтыр желтоқсан айында Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің тексеруі барысында Атырау облысында 11 мектептің үш ауысымда жұмыс істейтіні, жалпы саны 1514 оқушы оқитын 4 мектеп ғимараты апатты жағдайда екені анықталды. Осыған байланысты жергілікті билікке кемшіліктерді түзету жоспарын әзірлеу, сондай-ақ апатты және тозығы жеткен ғимараттарды жою бағдарламасын ұсыну тапсырылды. 8 мамыр 2022, 13:36 2 634 рет қаралды
«Атырау» үшінші орынға шықты. Еурокубокқа үміт бар Спорт

«Атырау» үшінші орынға шықты. Еурокубокқа үміт бар

Футболдан Қазақстан чемпионатының 10-шы турында «Атырау» сырт алаңда күтпеген жерден алматылық «Қайратты» 3:0 есебімен жеңді. 15 және 38-минуттардағы екі голды 24 жастағы қорғаушы, ресейлік легионер Николай ТАРАСОВ соқты. 8 мамыр 2022, 12:26 2 241 рет қаралды