Атырау, 19 сәуір 14:12
 ашықВ Атырау +23
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Орал - Атырау трассасында 4 жасар бала қаза болды

1 464 просмотра

Тағы екі адам зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 9 мамыр күні шамамен түс мезгілінде Орал-Атырау жолында болды.

«Казталов-Индер бағытындағы жолдың 188-шақырымында 34 жастағы жүргізуші әйел айдап келе жатқан «Тойота Камри» автокөлігі аударылып қалды. Алдын ала мәліметке қарағанда, жүргізуші рульге ие бола алмаған. Жол апаты салдарынан кішкентай бала қаза тапты. Оған қоса, жүргізуші мен жолаушы зардап шекті. Қазіргі кезде ҚР ҚК 345-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - деп хабарлады ведомстводан.

БҚО денсаулық сақтау басқармасының нақтылауынша, оқиға Орал-Атырау жолында Ақжайық ауданы Чапаев ауылынан 70 шақырым жерде болды. Жол апатынан 2019 жылғы бала жедел жәрдем келгенге дейін қайтыс болды. 1985 жылғы ер адам кеуде тұсынан жарақат алған, миы шайқалып, омыртқасына зақым келген. 1988 жылғы әйелдің беті көгерген.

11 мамыр 2022, 10:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.