Жыл сайын әлем халқы мамырдың үшінші жексенбісінде ЖИТС /СПИД/ -тен көз жұмғандарды еске алады. Биыл бұл күн 15-мамырда атап өтіледі.
Облыстық ЖИТС пен күрес және алдын алу орталығының хабарлауынша, жалпы Атырау облысында АИТВ инфекциясын жұқтырған 299 адам есепте тұр. Бұл ауру туралы белгілі болғалы бері біздің өңірде 57 адам осы дерттен көз жұмған.
Биыл жыл басынан бері аталған инфекция 27 адамнан анықталған. Олардың 25-і ҚР азаматы, 2-і шетелдік. 85,2 пайызы қала тұрғындары. Бұл инфекцияны 3 адам тамыр арқылы есірткі тұтыну кезінде, 14 адам жыныстық қатынасы кезінде, ал 5 адам гомосексуалды қатынас және 2 адам медициналық емес манипуляция кезінде жұқтырған. 2 жағдайда инфекцияны қалай жұқтырғаны белгісіз. Инфекция анықталған 27 адамның ішінде 18 еркек пен 9 әйел.
2 жағдайда 15 пен 19 жас аралығындағы адамдар жұқтырған, 20-29 жас аралығында - 9 адам, 30-39 жас - 7 адам, 40-49 жас - 5 адам, 50-69 жас аралығында 4 адам бар.
Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА