Атырау, 21 желтоқсан 11:43
 ашықВ Атырау 0
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

«Атырау» үшінші орынға шықты. Еурокубокқа үміт бар

2 116 просмотра

Футболдан Қазақстан чемпионатының 10-шы турында «Атырау» сырт алаңда күтпеген жерден алматылық «Қайратты» 3:0 есебімен жеңді. 15 және 38-минуттардағы екі голды 24 жастағы қорғаушы, ресейлік легионер Николай ТАРАСОВ соқты.

Бірінші таймға қосылған уақытта үшінші голды хорватиялық легионер - атыраулық Андрия ФИЛИПОВИЧ соқты. Екінші таймда алаң иелерінің ойыншылары бірнеше рет ауысып, матчтың бағытын өзгертуге тырысты, бірақ табло өзгеріссіз қалды.

Енді «Атырау» турнирлік кестеде «Тараз» бен «Астанадан» кейін үшінші орында тұр. Келесі ойын 14 мамырда қазіргі аутсайдер «Қызыл-Жар СК» (Петропавл) командасымен өз алаңында өтеді.

Айнұр САПАРОВА 

8 мамыр 2022, 12:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.