Атырау, 7 мамыр 20:44
 жаңбыр жаууы ықтималВ Атырау +12
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

Қазақстан мен Түркия әскери ынтымақтастық туралы келісім жасады

1 112 просмотра

Қазақстан мен Түркия арасындағы Әскери ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

"Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркия Республикасына мемлекеттік сапары аясында Қазақстанның Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықов Түркияның Қорғаныс министрі Хулуси Акармен кездесті.

Кездесу барысында Қазақстан мен Түркия арасындағы екіжақты әскери ынтымақтастықты реттейтін бірқатар құжаттарға қол қойылды.

Сонымен қатар генерал-полковник Руслан Жақсылықов Түркия Қарулы күштері Арнайы операциялар күштерінің орталығында болды.

Бұдан өзге сапар аясында Қазақстан қорғаныс ведомствосының басшысы Түркия Республикасының Ішкі істер министрі Сүлейман Сойлумен кездесті" делінген хабарламада.

11 мамыр 2022, 11:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.