Атырау, 3 қараша 20:08
 дождьВ Атырау +16.8
$ 453.64
€ 508.17
₽ 5.59

Әсел Жанасова Көлік министрі болып тағайындалды

78 рет қаралды
Сурет: Ақорда
Сурет: Ақорда

Әсел Жанасова Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Көлік министрі болып тағайындалды. Тиісті Жарлыққа Мемлекет басшысы қол қойды.

— Мемлекет басшысының Жарлығымен Әсел Жұбанышқызы Жанасова Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары — Көлік министрі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды, — делінген Ақорда хабарламасында.

Тағайындау Президент Жарлығымен Көлік министрі лауазымынан Нұрлан Сауранбаев босатылғаннан кейін орын алды. Шешім қабылданар алдында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі жолдардың сапасына қатысты қатаң сын айтып, бұл мәселенің шешілмеуін «осал тұсымыз», ал нәтиженің жоқтығын «ұят жайт немесе саботаж» деп атаған еді.

Әсел Жұбанышқызы Жанасова 1987 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.

2010 жылы «Болашақ» халықаралық бағдарламасы бойынша Кембридж университетінде (компьютерлік ғылымдар саласы) білім алған. 2014 жылы Кембридж университетінде магистратураны тәмамдаған. Мәскеу мемлекеттік университетінде «Executive Management» бағдарламасы бойынша оқыған.

2010-2014 жылдары – Лондон қаласындағы халықаралық компанияның ақпараттық технологиялар жөніндегі маманы, Ақпараттық технологиялар басқармасының менеджері, Киберқауіпсіздік департаментінің директоры;

2014-2016 жылдары Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Цифрлық технологиялар департаменті директорының орынбасары;

2016-2017 жылдары – «Зерде ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы;

2017-2018 жылдары – «Астана» халықаралық қаржы орталығы басқарушысының кеңесшісі;

2018-2020 жылдары – «Астана» халықаралық қаржы орталығының цифрлық технологиялар жөніндегі басқарушы директоры;

2020-2022 жылдары – Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің орынбасары;

2022-2025 жылдары – «Қазпошта» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы;

2025 жылғы 8 маусымда Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі болып тағайындалды.

2025 жылғы 10 желтоқсанда Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары болып тағайындалды.

Бүгін, 18:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.