Атырау, 3 қараша 20:08
 дождьВ Атырау +16.8
$ 453.64
€ 508.17
₽ 5.59

​Тоқаевтың қатаң сынынан кейін: Нұрлан Сауранбаев Көлік министрі лауазымынан босатылды

73 рет қаралды
Сурет: Ақорда
Сурет: Ақорда

Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрлан Сауранбаев Қазақстан Республикасының Көлік министрі лауазымынан босатылды.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Сауранбаев Нұрлан Ермекұлы Қазақстан Республикасының Көлік министрі лауазымынан босатылды», — делінген ресми хабарламада.

Кадрлық шешім Қасым-Жомарт Тоқаев тарапынан жол-көлік инфрақұрылымының жағдайына қатысты айтылған қатаң сыннан кейін қабылданды. Бұған дейін Президент елдегі жолдарды жөндеу мен салу тәсілін түбегейлі қайта қарау қажеттігін мәлімдеген болатын.

«Сонымен қатар Үкімет пен әкімдер қала және ел ішіндегі, яғни ірі немесе шағын қалалардан тысқары жолдардың сапасына баса назар аударуы керек. Бұл – біздің ең осал тұсымыз, оны мойындаған жөн. Мұны ешкім шеше алмады немесе шешуге құлық танытпады. Масқара жағдай. Оны саботаж деуге болады. Заң аясында қатаң шаралар қолданамыз», — деп атап өткен еді бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев.

Нұрлан Сауранбаев Қазақстан Республикасының Көлік министрі лауазымын атқарды. Осы тағайындауға дейін ол бірнеше жыл бойы «Қазақстан темір жолы» (ҚТЖ) ұлттық компаниясын басқарды, сондай-ақ әр жылдары Шымкент қаласының әкімі, Корғаныс вице-министрі, Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі және Президент Әкімшілігінде бөлім меңгерушісі болып жұмыс істеді.

Бүгін, 18:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.