Атырау, 20 сәуір 04:32
 ашықВ Атырау +27
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Атырауда бұралқы ит 5 жасар қызды қауып алды

1 579 просмотра

Оқиға туралы Әсем Байжан Facebook-тегі парақшасында жазды. Мұнда зардап шеккен баланың видеосы да жарияланған. 

"Менің балаларыма бірнеше рет шабуыл жасаған ит! Агрессивті, зооқорғаушылардың әртүрлі тобына жазғанмын (әрине, олар менің балаларымды кінәлап, өзімізді кінәлі етіп қойды). 2022 жылдың 7 мамыры сағат шамамен 18.30-да Азаттық, 153 мекенжайында ит менің бес жасар жиенім Софияның бетін тістеп алды.

Видеосын жүктедім. Бұл 2021 жылдың 22 қарашасында маған шабуыл жасаған, аяғымды тістегісі келген, бірақ ит тек шалбарыма ілінген", - деп жазды әйел.

Атырау облыстық полиция департаменті бұл жағдай тіркелгенін және иттің иесі жоқ екенін хабарлады.

Атырау әкімдігі жағдайды кейінірек түсіндіруге уәде берді.

Ит қауып алған бес жасар қызға қатысты облыстық балалар ауруханасы былай деп хабарлайды. 2017 жылы туған Сафия Р.  сағат 19-20-да түсті, кезекші дәрігер-травматологтың айтуынша бұралқы ит баланың сол жақ бетін, жоғарғы, және төменгі ернін бірнеше рет тістеген. 

Баланың бетін тігіп, құтыруға қарсы вакцина салынған, мекенжайы бойынша бақылау ұсынылған.

Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА

11 мамыр 2022, 09:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.