Атырау, 24 желтоқсан 16:48
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

Төрт мектеп апатты жағдайда, бірақ биліктің жоспары бар

2 633 рет қаралды

Былтыр желтоқсан айында Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің тексеруі барысында Атырау облысында 11 мектептің үш ауысымда жұмыс істейтіні, жалпы саны 1514 оқушы оқитын 4 мектеп ғимараты апатты жағдайда екені анықталды. Осыған байланысты жергілікті билікке кемшіліктерді түзету жоспарын әзірлеу, сондай-ақ апатты және тозығы жеткен ғимараттарды жою бағдарламасын ұсыну тапсырылды.

Есеп комитетінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, осы тапсырманы орындау мақсатында Атырау облысының әкімдігі 2022 жылға арналған апатты жағдайдағы мектеп ғимараттарын жою және «үш ауысымды» алып тастау жөніндегі іс-шаралар жоспары-кестесін әзірледі. Сонымен қатар, Атырау әкімдігінің қаулысымен қаланың тұрғын үй қорын қайта жаңартудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасы бекітілді.

Дайындаған Айнұр САПАРОВА

8 мамыр 2022, 13:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.