Атырау, 10 маусым 09:39
 дождьВ Атырау +21
$ 490.21
€ 566.93
₽ 6.81

Шопанды даладан тікұшақпен және қызметтік итпен іздеді

Сурет
1 703 рет қаралды

10 мамыр күні сағат 11.15-тен бастап "Қазавиақұтқару" АҚ Ми-8 тікұшағы Құлсары қаласынан 150 км радиуста Жылыой ауданында 9 мамырда таңертеңгі сағат 8-де мал жаюға шығып, осы уақытқа дейін оралмаған 31 жастағы ер адамды іздестіру жұмыстарына жұмылдырылды.

Тікұшақтан басқа іздестіруге қызметтік итпен бірге полицейлер және туыстары шықты.

Атырау облысы ТЖД-нің қоғаммен байланыс тобы хабарлағандай, жоғалған адам сағат 13.26-да Құлсары қаласынан 45 шақырым жерде табылды. Аман-сау, медициналық көмек қажет болмады. 

Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА

11 мамыр 2022, 10:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.