Атырау, 19 сәуір 19:42
 ашықВ Атырау +19
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Кейбір шекарашы браконьерлерге «қамқорлық» жасайды

1 575 просмотра

«АЖ» мәліметі бойынша, қазір ҚР ҰҚК Шекара қызметінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің біздің өңірде қызмет ететін төрт қызметкері Каспий теңізінің қазақстандық секторында браконьерлерге қамқорлық жасады деген күдікке ілінді. Жақында олардың үйлеріне тінту жүргізілді.

Шекарашылардың стационарлық бекеті Дамбы ауылында орналасқан.

Алғашқы тінту жұмыстары 5 мамырда екі келісімшартпен қызмет ететін шекарашы-әскерилердің үйінде жүргізілді. Дамбы ауылындағы бірінің үйінен сатып алу-сатуды растайтын құжаттары жоқ қызыл балықтың кеспесі табылды. Береке ықшамауданындағы екінші үйден 2 қап сазан балығы, 1 миллион 330 мың теңге ақша, сонымен қатар жұмыс орнында сақталуы тиіс құпия құжат – шекара катерінің навигациялық журналы табылды.

Екі күдікті шекара катері экипажының мүшелері – бас старшина және 2-сыныпты старшина.

Істі ҰҚК әскери қарсы барлау басқармасы мен ҚР ІІМ Әскери тергеу басқармасының Атырау тобы жүргізіп жатыр. Атырау облысы бойынша Батыс өңірінің әскери прокуратурасы түсініктеменің кейінірек берілетінін айтты.

Кейін белгілі болғандай, 6 мамырда осы іске қатысы бар тағы екі шекарашының үйінде тінту жүргізілген. Бірақ, біздің мәлімет бойынша, ол жерден ештеңе табылмаған.

Айнұр САПАРОВА

11 мамыр 2022, 16:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.