Атырау, 19 сәуір 20:47
 ашықВ Атырау +19
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Санкт-Петербургтан келген дәрігер атыраулық 9 балаға ота жасады

Сурет
2 913 просмотра

Атырау облыстық балалар ауруханасында көпсаусақты және саусақтары жабысқан 9 балаға ота жасалды.

«Жұлдызай» корпоративтік қайырымдылық қорының бастамасымен Альбрехт атындағы мүгедек балаларға арналған хирургия және протездеу ғылыми орталығының балалар хирургі, ортопед-травматологы, бірінші балалар травматологиялық-ортопедиялық бөлімшесінің меңгерушісі, медицина ғылымдарының кандидаты, Санкт-Петербургтан келген Андрей КОЛЬЦОВТЫҢ қатысуымен шеберлік сыныбы өтті.

Шеберлік сыныбына 8 адам – төрт атыраулық травматолог, нейрохирург, комбустиолог (ауыр және аса ауыр дәрежедегі күйіктерді емдейтін дәрігер), Батыс Қазақстан облыстық балалар ауруханасының травматология бөлімшесінің меңгерушісі Болат ӘЛІБАЕВ және Индер аудандық ауруханасының травматология бөлімшесінің меңгерушісі Қаршыға СӘПИЕВ қатысты.

Шеберлік сыныбы барысында аяқ-қолдардың әртүрлі даму ақаулары бар, оның ішінде балалардың церебральды сал ауруы, өкше-вальгус деформациясы, полидактилиясы бар (көпсаусақты және саусақтары жабысқан) 2-15 жас аралығындағы тоғыз балаға ота жасалды.


Облыстың штаттан тыс бас травматологы Сергей ХВАННЫҢ айтуынша, осы үш күн ішінде ресейлік ғалымдардың көптеген жұмысынан, церебральды сал ауруымен ауыратын балалардың аяқ-қолын емдеу саласындағы жетістіктерден хабардар болды.

– Біз мұндай операцияларды өз бетімізше жасай аламыз, бірақ соған қарамастан ғалымдардың тәжірибесі, олардың ашқан жаңалықтары, операцияның жаңа әдістері үнемі қажет. Осындай шеберлік сабағының әрқайсысы – кәсіби деңгейді көтеру болып табылады, – дейді С.Хван.

Барлық операция сәтті өтті, науқастар дәрігерлердің бақылауында.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

Суретті облыстық балалар ауруханасы ұсынды

8 мамыр 2022, 15:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.