Атырау, 26 сәуір 21:28
 ашықВ Атырау +18
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

"Үйдің ішінде резеңке етікпен жүрміз"

Сурет Бейнежазба
1 734 просмотра

Тәулік бойы толассыз жауған жаңбыр салдарынан қала көшелері мен аулаларға жиналған су Әлия Молдағұлова көшесіндегі №159 үйді басып кетті.

Жаңайша САҒЫНДЫҚОВА:

- Біздің үй көрші үйлер мен көшеге қарағанда еңісте орналасқан. Сондықтан айналадағы барлық сы біздің аулаға жиналады. Есік алдына жиналған су үйге 10 мамыр таңғы 6 да есіктен, еденнің астынан өтіп, үйімізге құйыла бастады. Дереу жүктерімізді жинап, немерелерімді туысқандардың үйіне жібердім. Төтенше жағдай қызметкерлерін шақырдық. Олар бірнеше техникамен шарбақтағы суды сорды, бірақ үйдің ішіндегі суды өздерің далаға шығарыңдар деді.

Зардап шегушілердің айтуынша үйді су басу жағдайы бірінші рет емес. Бірнеше жыл бұрын да осылай суға кетіп, ол кезде әкімдік үйді жөндеуге 600 мың теңге берген. Ол қаржыға стяжка құйып, жарын қайта жасатқан. Бірақ бұл жолғы жаңбыр одан да өтіп кеткен.

- Немерелерім 7,4,2 жаста. Оларды осы ылғал үйде өсіріп келеміз. Үйде жалғыз ұлым ғана жұмыс істейді. Біздің үй салуға қаражатымыз жоқ. Баспанамыз 2019 жылдан бері апатты үй деп танылды.  Нөсер жауын жауған сайын зардап шегіп отырамыз ба? - дейді Жаңайша апа.

Қазір көрші-көлем мен баласының достары жиналып, сорапты жалға алып, үйдегі суды шарбаққа шығарып жатыр. Үй ішінде резеңке етіксіз жүру мүмкін емес.

Сұлтан, көршісі:

- Екі насос әкеліп, суды екі жерден далаға шығарып, шелектеп те тасып жатырмыз. Бірақ су екі сағат сайын еденнің астынан қайтадан шыға береді. Таңғы 6 дан кешкі 6 ға дейін осы жердеміз. Суды аулаға шығарғанымызбен жерге тез сіңіп, үйдің ішінен кері шығып жатыр.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

Сурет пен бейнежазбаны түсірген автор 

11 мамыр 2022, 10:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.