Атырау, 19 сәуір 03:55
 ашықВ Атырау +25
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Forbes журналы Қазақстанның ең бай бизнесмендерін атады

1 229 просмотра

Forbes журналы елдегі ең бай бизнесмендердің рейтингін жариялады. Ең бай қазақстандықтардың тізімінде елеулі өзгерістер болып, миллиардерлер саны сегізге жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Рейтинг қатысушылары активтерінің жалпы құны бойынша бағаланды. Компаниялар "төмен емес" деген бағамен бағаланды. Аудиторлық қаржылық есебін жарияламаған компаниялардың құнынан 10 пайыз шегерілді.

1.Владимир Ким. 5 миллиард доллар (металдар, қаржы)

Владимир Кимнің байлығы бір жыл ішінде 300 миллион долларға өскен. Forbes миллиардерлерінің жаһандық real-time рейтингінде бизнесмен 569-орында.

Владимир Ким - KAZ Minerals компаниясының президенті, оған компанияның қомақты үлесі тиесілі. Бизнесмен - "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС иесі.

2. Тимур Құлыбаев. 3,9 миллиард доллар (әртараптандырылған бизнес)

Forbes миллиардерлерінің жаһандық real-time тізімінде Тимур Құлыбаев 780-орында. Былтырмен салыстырғанда кәсіпкердің табысы 1 миллиард долларға артқан.

Оған сингапурлық Steppe Capital Pte Ltd үлесі тиесілі. Ол Joint Resources АҚ-ға жеке-дара иелік етеді. Құлыбаев - "Кипрос" ЖШС-нің негізгі иесі, сонымен қатар ол Mercury Properties ЖШС-де бақылаушы үлеске ие.

Әйелі Динара Құлыбаева екеуі "АЛМЭКС Плюс" фирмасы" ЖШС мен "Алмэкс" холдинг тобы" АҚ-ға иелік етеді.

2. Динара Құлыбаева. 3,9 миллиард доллар (әртараптандырылған бизнес)

Динара Құлыбаеваның табысы бір жыл ішінде миллиард долларға өскені хабарланды. 20 сәуірдегі жағдай бойынша Forbes миллиардерлерінің жаһандық real-time рейтингінде ол 780-орынға ие болды.

Ерлі-зайыпты Halyk Bank-тің 69,52 пайызына иелік етеді. Динара Құлыбаева - Нұрсұлтан Назарбаевтың білім беру қорының жалғыз құрылтайшысы.

4. Вячеслав Ким. 3,2 миллиард доллар (әртараптандырылған бизнес)

Өткен жылдан бастап Вячеслав Кимнің байлығы миллиард долларға азайған. Forbes миллиардерлерінің жаһандық real-time рейтингінде ол 975-орында.

Вячеслав Ким - Kaspi.kz акционері, директорлар кеңесінің төрағасы. Компанияның 24,07 пайызын бақылайды. Бизнесмен сондай-ақ "Алсеко" АҚ-ның 90 пайызына ие, "Астана-ЕРЦ" ЖШС-да үлесі бар. Сонымен қатар, оның ELTOP Soft ЖШС-да және "ПОЗИТИВ Инвест" ЖШС үлестері бар.

5. Михаил Ломтадзе. 3 миллиард доллар (қаржы технологиясы)

Михаил Ломтадзенің байлығы бір жылда 900 миллионға азайған. Forbes миллиардерлерінің жаһандық real-time рейтингінде ол 1043-орында.

Ломтадзе - Kaspi.kz АҚ акционері, директорлар кеңесінің мүшесі, басқарма төрағасы. Компанияның акциялар пакетінің 23,24 пайызына ие.

6. Болат Өтемұратов. 2,8 миллиард доллар (әртараптандырылған бизнес)

Болат Өтемұратовтың байлығы бір жылда 700 миллион долларға азайды, ол пандемия кезінде қонақүй бизнесі құнының төмендеуіне байланысты. Forbes миллиардерлерінің әлемдік real-time рейтингінде ол 1123-орында.

Өтемұратовқа Glencore Plc трансұлттық компаниясының 1,16 пайызы тиесілі. Ол сондай-ақ, ForteBank АҚ-ның 89,32 пайызына иелік етеді.

Оған Sky Mobile ЖШҚ-да (Қазақстан мен Қырғызстандағы "Билайн" байланыс операторлары) 49,9 пайыз, алтын өндіретін RG Gold-да 65 пайыз, Нұр-Сұлтан, Вена және Мәскеудегі Ritz-Carlton қонақүйлері, Rixos Borovoe, Қазақстандағы Burger King фастфуд франшизасы, девелоперлік Global Development, Қарағандыдағы Сары-Арқа әуежайының үлесі, Informburo.kz интернет-порталы, 31 арна телерадиокомпаниясы акцияларының басым бөлігі (80 пайыз) тиесілі.

7. Тимур Турлов. 2,2 миллиард доллар (қаржы технологиясы)

Тимур Турловтың байлығы бір жыл ішінде 200 миллион долларға артқан. Forbes миллиардерлерінің жаһандық real-time рейтингінде ол 1411-орында.

Кәсіпкер - Freedom Holding Corp инвестициялық тобының негізін қалаушы, иесі. Сондай-ақ "БАСТ" АҚ, "Freedom Finance Insurance сақтандыру компаниясы" АҚ, Freedom Finance Life АҚ ірі акцияларына, Chocofamily Holding, Arbuz Group, Naimi.kz, Relog, Cerebra компанияларында акциялары бар.

8. Ибрагимовтер отбасы. 1,2 миллиард доллар (әртараптандырылған бизнес)

былтыр марқұм Алиджан Ибрагимовтің әйелі Мукадасхан Ибрагимова мен төрт ұлы (Достан, Даврон, Шухрат және Фурхат) Eurasian Resources Group-тің 20,7 пайызына ие болды.

ERG директорлар кеңесінің мүшесі 36 жастағы Шухрат Ибрагимов болды.

9. Кеңес Рақышев. 960 миллион доллар (әртараптандырылған бизнес)

Кеңес Рақышев "Fincraft инвестициялық үйі" АҚ-ның 50 пайызына иелік етеді. Сондай-ақ, ол - Fincraft Resources АҚ директорлар кеңесінің төрағасы және Алматыдағы Шоқан Уәлиханов атындағы жеке мектептің құрылтайшысы.

10. Сәрсеновтер отбасы. 897 миллион доллар (әртараптандырылған бизнес)

Сарсеновтер отбасына "Нұрбанк" АҚ акцияларының 90,8 пайызы, "Виктория" сақтандыру компаниясының 100 пайызы, "BSB француз үйі" ЖШС, Oil Real Estate ЖШС (ТРК басқармасы), Caspian Riviera қонақүйі, Vita су өндіру және өткізу компаниясы, Түркістан облысындағы Chateau Silk Alley шарап жасау кешені, "Воскресенский дом" ЖШС-нің KSP Steel және "Кастинг" зауыттары тиесілі.

Сондай-ақ, оларға Helios автожанармай құю станцияларының желісі және AltynEx Company ақ алтын кен орнындағы үлесі тиесілі.

11. Нұрлан Смағұлов. 750 миллион доллар (автооретейл, машина жасау, девелопмент)

Нұрлан Смағұлов - "Астана Моторс" компаниялары (14 әлемдік автомобиль бренді, Алматыда Hyundai жеңіл және коммерциялық техника өндіретін екі зауыт), MEGA СОСО желісі, Almaty қонақүйі кіретін Astana Group негізін қалаушы.

12. Беловичтер отбасы. 705 миллион доллар (құрылыс, даму)

Александр Белович өзінің ұлы Павелмен бірге Bazis-A құрылыс корпорациясына иелік етеді. Александр Белович Bazis-A корпорациясының директорлар кеңесінің төрағасы, Bazis-A басқармасының төрағасы, Құрылыс және ТКШ комитетінің төрағасы және "Атамекен" ҚР ҰКП төралқасының мүшесі лауазымдарын атқарады.

13. Дариға Назарбаева. 584 миллион доллар (әртараптандырылған бизнес)

Дариға Назарбаева өзінің ұлы Нұрәлі Әлиевпен бірге "Европа плюс Казахстан" ЖШС-ның иесі, сол арқылы "Телерадиокомпания Радиосити" ЖШС және "НТК телеарнасы" ЖШС үлестері бар.

Сондай-ақ ол "Регион-Медиа" ЖШС және A-Service Management ЖШС (Нұр-Сұлтандағы "Думан" төрт жұлдызды қонақүйі) үлестері бар "DLS Group холдинг компаниясы" ЖШС-ға иелік етеді.

14. Эдуард Огай. 583 миллион доллар (металдар)

Эдуард Огай - Kazakhmys Holding (Қазақмыс Холдинг) ЖШС директорлар кеңесінің төрағасы, "Қазақмыс "корпорациясы" ЖШС басқарма төрағасы.

Ол "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС-нің 30 пайызына иелік етеді және ұлдарымен бірге "Қаражыра" АҚ-ның 70 пайызына бақылау жасайды.

Бизнесмен - "Вираж Сервис Караганда" ЖШС-ның жалғыз құрылтайшысы.

15. Александр Клебанов. 580 миллион доллар (әртараптандырылған бизнес)

Клебанов "ОАОЭК" АҚ-ның 50 пайызына және "ОАЭК" АҚ-ның 47,1 пайызына иелік етеді. "ОАОЭК" арқылы ол "Павлодар Водоканал-Северный" ЖШС, "ОАОЭК-Энергоинвест" ЖШС-ны бақылайды. Ал "ОАЭК" арқылы "Павлодарэнерго" АҚ мен "СевКазЭнерго" АҚ үлесі бар. "ОАОЭК" АҚ директорлар кеңесінің төрағасы.

16. Олег Новачук. 520 миллион доллар (металдар)

Олег Новачук KAZ Minerals Ltd акцияларының 60 пайызын сатып алып, компанияны Лондон қор биржасынан делистингтен шығарғаннан кейін Nova Resources B.V. арқылы KAZ Minerals Ltd компаниясының 36,5 пайызын бақылайды. Ол - KAZ Minerals Ltd директорлар кеңесінің төрағасы.

7. Айдын Рахымбаев. 510 миллион доллар (құрылыс)

Рахымбаев - BI Group холдингінің акционері және директорлар кеңесінің төрағасы. 2021 жылдың тамызында BI Group әлемдегі ең ірі құрылыс компанияларының ENR Top-250 Global Constractors деп аталатын жыл сайынғы рейтингінде өз 19 сатыға көтеріліп, 180-орынға ие болған.

18. Дінмұхамет Ыдырысов. 415 миллион доллар (әртараптандырылған бизнес)

Ыдырысов - "Қазақстан коммуналдық жүйелері" компаниясының меншік иесі. Сондай-ақ, ол Ordabasy Group және "Керегетас" тау-кен компаниясы" ЖШС, "Ушкую" АҚ, "Ақтөбе мұнай жабдықтары зауыты" АҚ, Kundybai Mining АҚ, "Триас Мұнайгаз" ЖШС үлестеріне ие. "Қазақстан коммуналдық жүйелері" ЖШС бақылау кеңесінің төрағасы.

19. Ғалымжан Есенов. 408 миллион доллар (қаржы)

Ғалымжан Есенов First Heartland Jusan Bank АҚ-ның 20,11 пайызына иелік етеді.

Былтырғы мамырға дейін ол Жамбыл облысында минерал тыңайтқыштар өндіретін "Қазфосфат" ЖШС-нің иесі болған. Аудиттелген есепке сәйкес, 2020 жылы ішінде компания 22,55 миллиард теңгеден аса мөлшерде дивидендтер төледі.

20. Сергей Кан. 374 миллион доллар (әртараптандырылған бизнес)

Кан - Александр Клебановтың "ОАОЭК" АҚ және "ОАЭК" АҚ бойынша серіктесі, онда тиісінше, 50 және 47,1 пайызды бақылайды. Circle Maritime Invest АҚ кеме қатынасы компаниясының жартысын, Rixos Almaty қонақүйінің және Яков Клебановпен бірге "Теңіз Star" ЖШС үлестерін иеленеді. Сондай-ақ "Қазақ мұнай және газ институты" АҚ-ның 50 пайызына ие.

11 мамыр 2022, 15:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.