Атырау, 25 желтоқсан 09:01
 ашықВ Атырау -8
$ 511.00
€ 602.72
₽ 6.49

Барлық жаңалық

Атырау әкімдігі Есеп комитетінің әлеуметтік баспана бойынша қорытындысымен келіспейді Атырауда

Атырау әкімдігі Есеп комитетінің әлеуметтік баспана бойынша қорытындысымен келіспейді

Есеп комитетінің республикалық бюджеттің орындалуын бақылау бойынша жақындағы отырысында Атырау облысына бөлінген бюджет қаржысының жұмсалу тиімділігін тексеру қорытындыланды. Анықталған бұзушылықтардың ішінде назар аударғаны – қалалық әкімдіктің аз қамтылған көпбалалы отбасыларға деп сатып алынған 160 пәтердің екі жылдан астам уақыт бойы бос тұрғаны. Алайда жергілікті билік бұл шағымның негізсіз екенін алға тартады. 6 желтоқсан 2021, 21:10 2 131 рет қаралды
Мақатта ұлы Анаға ескерткіш ашылды Атырауда

Мақатта ұлы Анаға ескерткіш ашылды

3 желтоқсан күні Мақат кентіндегі теміржол вокзалы алдында «Боздағын күткен – Ана» ескерткіші тұрғызылып, ашылу салтанаты өтті. Ол Ұлы Отан соғысына кетіп оралмаған жалғыз ұлын демі үзілгенше күткен Сәнді Деңгелбақызына арналған. 6 желтоқсан 2021, 18:08 4 069 рет қаралды
Қарсы бағыттағы жүргізушіге кедергі жасама Атырауда

Қарсы бағыттағы жүргізушіге кедергі жасама

Атырауда жыл басынан бері 700-ден астам жүргізушінің көлігіне ксенон шамдарын қондырғаны анықталды. Бұл жолдың қарсы бағытындағы жол қозғалысы қауіпсіздігіне кері әсерін тигізіп, түнде ол шамдар жүргізушінің көзіне шағылысады. 6 желтоқсан 2021, 17:32 2 115 рет қаралды
​Ескене Қарабатаннан құтыла алмай отыр Атырауда

​Ескене Қарабатаннан құтыла алмай отыр

Мақат ауданы Ескене станциясының тұрғындары тағы да қысты көмірмен, отынмен қарсы алуда. Жазда олар Атырауға көшіруге қол жеткізе алмай жүргендеріне шағымданған еді, себебі, 9 жыл бұрын «болашағы жоқ» деп бағаланған Байшонас пен Ескене ауылдарын (станция бөлек) мемлекет есебінен облыс орталығына көшірген еді. 6 желтоқсан 2021, 12:52 2 073 рет қаралды
Таубаев пен Басаровтың ісі: бұл - баланың ісі Атырауда

Таубаев пен Басаровтың ісі: бұл - баланың ісі

Қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотта Атырау облысының бұрынғы бірінші орынбасары Нұрлан Таубаев пен құрылыс басқармасының басшысы Тимур Басаровтың ісі бойынша сот процесі жалғасуда. Сот Басаровтың қалай ұсталғаны көрсетілген бейнежазбаны қарап, тергеу тобының астаналық жетекшісі Олжас Тобашевтан жауап алды. 6 желтоқсан 2021, 12:50 2 002 рет қаралды
Бекіре фермасы бола ма, жоқ па Атырауда

Бекіре фермасы бола ма, жоқ па

2 желтоқсанда Атырау облысы әкімінің орынбасары Қайрат Нұрлыбаевтың жұмыс кабинетінде құрылысы бірнеше миллионға бағаланған, бірақ әлі салынбаған бекіре фермасы бойынша жиналыс өтті. Бұл жолғы жиналыстың алдындағыдан нәтижесі асып кетпеді. 4 желтоқсан 2021, 23:06 1 880 рет қаралды
​Интернаттағы «жаға ұстатар» жазба қылмыстық қудалауға негіз болмады Атырауда

​Интернаттағы «жаға ұстатар» жазба қылмыстық қудалауға негіз болмады

Атырау облысының полиция департаменті жүйке жүйесінде ауытқышылық бар балаларға арналған мектеп-интернаттың екі тәрбиешісіне қатысты қылмыстық істі тоқтатты. Қалалық прокуратура бұл шешімді қолдады. 4 желтоқсан 2021, 00:55 2 418 рет қаралды
Полиция мен машинист көп балалы әкені суицидтен сақтап қалды Атырауда

Полиция мен машинист көп балалы әкені суицидтен сақтап қалды

1 желтоқсанда Атырау қаласындағы локомотив депосының аумағында 38 жасар сегіз баланың әкесі өзіне қол жұмсамақ мақсатымен 20 метрлік прожектор мұнарасына шығып алды. Бұл ойынан оны полиция қызметкері мен депоның қызметкері айнытты – ол үшін екеуі бас айналдырар биіктікке көтерілді. 4 желтоқсан 2021, 00:49 2 187 рет қаралды
​Зейнеттің жыр болған ақшасы Атырауда

​Зейнеттің жыр болған ақшасы

Жыл басынан бері Атырау облысында зейнетақы шотындағы «артық» ақшасын алу үшін 63705 тұрғын өтініш берген екен. Оның ішінде 46 113 тұрғын үй-жайын жақсарту үшін ақшасын пайдаланған. Ал, ақшасына әзір тимей, жинап жүргендер үшін «шекті мөлшердің» өзгеруі күтпеген жаңалық болды. 4 желтоқсан 2021, 00:34 1 981 рет қаралды