Атырау, 29 наурыз 19:23
 ашықВ Атырау +1
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Бекіре фермасы бола ма, жоқ па

1 683 просмотра

2 желтоқсанда Атырау облысы әкімінің орынбасары Қайрат Нұрлыбаевтың жұмыс кабинетінде құрылысы бірнеше миллионға бағаланған, бірақ әлі салынбаған бекіре фермасы бойынша жиналыс өтті. Бұл жолғы жиналыстың алдындағыдан нәтижесі асып кетпеді.

Еске салайық, 19 тамызда құрылтайшылар Қайрат Нұрлыбаевпен кездесіп, әкімдік жаңа инвестор тауып берумен қатар қолдау көрсетуге уәде берген еді. Себебі, бұрынғы ивестор «Атырау» ӘКК бюджеттің 110 млн теңгесін жұмсап қана қоймай, жобаны жоқ қыла жаздаған.

Бұл жолғы кездесуде де біраз шу көтерілді, Кемелбаев пен «Атырау» ӘКК арасындағы диалог шиеленісіп бара жатты. Еске салсақ, Есет Кемелбаев – «Каспий балық» қазақ бекіре компаниясы» ЖШС бақылау кеңесінің мүшесі, жоба авторы Әділғали Кемелбай мен ЖШС тең құрылтайшысы Хатима Кемелбаеваның ұлы. Оның айтуынша, ол әлеуетті инвесторлар тауып, қазір келіссөздер жүріп жатыр. Алайда оларды тарту үшін ЖШС тарату процесін тоқтату керек. Кемелбаев Нұрлыбаевтан осы іске әкімдік тарапынан қолдау қажеттігін айтты. Алайда ӘКК өкілі Нұрлан Қаппазов Кемелбаевтың сөзіне күмәнмен қарап, оның 2012 жылдан бері инвестор таба алмай келе жатқанын алға тартты.

Кемелбаевтың қызығушылық танытқандар бар деген сөзін Қаппазов естімеген сияқты.

2018 жылы «Атырау» ӘКК («Каспий» ӘКК мұрагері) «Каспий Балық» ЖШС өзін-өзі тарату процесіне біржақты бастама берген болатын. ЖШС мүлігін, соның ішінде бекіре өсіретін бассейндерді сату туралы шешім қабылданды. 2020 жылы Еркінқаладағы аумағы 6,8 гектар тауарлық бекіре фермасының құрылысына арналған жер телімі екі рет сатылымға шығарылды. Бірақ өтпеді.

Осы уақыт ішінде Кемелбаев жергілікті биліктен серіктестікті тарату процесін тоқтатуды, жобаға жан бітіріп, инвесторлар табуға қолдау көрсетуді сұрап келеді, бірақ нәтижесіз. Осы жолғы кездесуде де әкімнің орынбасары Кемелбаевқа серіктестікті тарату процесін тоқтатудан бас тартып «Тарату процессі аяқталғанша инвесторларды әкеліңіз» деді.

Алайда ӘКК бұл істі сағызша созып жүргісі келмейді, Қаппазовтың айтуынша, серіктестікті тарату бойынша қазіргі директорге айына 400 мың теңге жалақы тағайындалыпты, ал бұл аз ақша емес.


Айнұр САПАРОВА

Сурет пен бейнежазбаны түсірген автор

4 желтоқсан 2021, 23:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.