Атырау, 23 желтоқсан 22:11
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

​Ескене Қарабатаннан құтыла алмай отыр

2 072 рет қаралды

Мақат ауданы Ескене станциясының тұрғындары тағы да қысты көмірмен, отынмен қарсы алуда. Жазда олар Атырауға көшіруге қол жеткізе алмай жүргендеріне шағымданған еді, себебі, 9 жыл бұрын «болашағы жоқ» деп бағаланған Байшонас пен Ескене ауылдарын (станция бөлек) мемлекет есебінен облыс орталығына көшірген еді.

Ескенеліктердің айтуынша, Қарабатан зауыты олардың денсаулығына тікелей әсер етуде, әсіресе, жазғы күндері иістен демалу мүмкін емес. Оған қоса қарапайым коммуналдық мәселелер де шешімін таппаған.

-Газ жоқ, пеш жағамыз. Көмірді пойызбен әкеледі, оның бір тоннасы 17 мың теңге тұрады, біз үшін ол үлкен шығын, - дейді Нұржамал Хасанова. Ескененің тағы бір тұрғыны Қалығыз Жакиеваның айтуынша, қазір тұрғындар балалары үшін несие алып, қаладан пәтер жалдауда. Өзі әзірге станцияда. Қысқа деп 52 мың теңгеге үш тонна көмір алған. Ол кісі станцияда 54 үй бар екенін, бірақ жартысында адам тұрмайтынын айтады.

Мақат ауданының әкімі Шәкір Кейкин көшіру туралы мәселе күн тәртібінде тұрғанын, алайда шешілмегенін растады:

- Бұл мәселе облыс әкімінің бақылауында. NCOC компаниясымен көшіруді қаржыландыру бойынша келіссөздер жүргізілді, алайда олардың өз бюджеті, орындалу мерзімі бар, нақты жауап жоқ. Тұрғындар тек Атырауға көшеміз деп отыр, негізі оларды Доссорға немесе Мақатқа көшіруге болатын еді, олар келіспей отыр. Әзірге жағдай осындай.

Айнұр САПАРОВА

6 желтоқсан 2021, 12:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.