Атырау, 11 маусым 03:26
 дождьВ Атырау +20.8
$ 488.59
€ 564.37
₽ 6.79

Қарсы бағыттағы жүргізушіге кедергі жасама

2 226 рет қаралды

Атырауда жыл басынан бері 700-ден астам жүргізушінің көлігіне ксенон шамын қондырғаны анықталды. Бұл жолдың қарсы бағытындағы жол қозғалысы қауіпсіздігіне кері әсерін тигізіп, түнде ол шамдар жүргізушінің көзіне шағылысады.

Мәселен, 29 қарашада сағат 21:05 шамасында Сәтпаев көшесінде ксенон шамын таққан «ВАЗ-21144» маркалы автокөлігі тоқтатылды. Жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабының 7-бөлімімен («Сыртқы жарық беру аспаптарын заңсыз қайта жабдықтағаны үшін») әкімшілік хаттама толтырылып, 43 755 теңге көлемінде айыппұл салынды. Осындай құқықбұзушылық жасаған 1 желтоқсанда сағат 23:55 шамасында Азаттық даңғылында «Toyota Camry» маркалы автокөлігі тоқтатылды. 24 жастағы жүргізушіге сәйкесінше айыппұл салынды.

Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА

6 желтоқсан 2021, 17:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.