Атырау, 20 сәуір 04:16
 ашықВ Атырау +27
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

​Интернаттағы «жаға ұстатар» жазба қылмыстық қудалауға негіз болмады

2 185 просмотра

Атырау облысының полиция департаменті жүйке жүйесінде ауытқышылық бар балаларға арналған мектеп-интернаттың екі тәрбиешісіне қатысты қылмыстық істі тоқтатты. Қалалық прокуратура бұл шешімді қолдады.

Атырау облысы Полиция департаменті басшысының орынбасары Болат Көшқалиевтің айтуынша, ҚР ҚК 110-бабы ("Азаптау") бойынша қозғалған қылмыстық іс қылмыс құрамының болмауына байланысты тоқтатылған.

Өкінішке орай, Б.Көшқалиев іске негіз болған бейнежазбаның соңында қылмыстық қудалауға негіз бола алмағаны туралы түсіндірмеді.

Еске салайық, жазда әлеуметтік желіде мектеп-интернаттың бұрынғы қызметкері түсірген бейнежазба тарады: онда әріптестерінің ауру балаларды унитаз тұтқасына жөргекпен және жаймамен байлап қойғаны, дәлізде селкілдеп жатқан бала көрінеді. Бейнежазба қоғамдық резонанс тудырған еді.

Фархат ӘБІЛОВ

4 желтоқсан 2021, 00:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.