Атырау, 24 сәуір 20:12
 ашықВ Атырау +13
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

Унитазға байлап қойған: мүгедек балаларға арналған мектеп-интернаттағы сұмдық жағдай

2 433 просмотра




Әлеуметтік желіде 3 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының (жүйке-психикалық ауытқуы бар балаларға арналған мектеп-интернат) бұрынғы қызметкері түсірген видео тарады: оның әріптестері горшокта отырған науқас балаларды унитаз тұтқасына жөргекпен және жаймамен байлап тастапты. Сондай-ақ, дәлізде селкілдеп жатқан баланың видеосы да бар.

- Міне, ол жатыр, ешкім көмектеспейді. Бас медбике мүлде назар аудармайды. Ал ол бұрын тыныш бала болатын, - деп түсіндіреді видео авторы. Ол сондай-ақ, беті қан болған қызды көрсетеді:

- Балалардың жарақаты бар, бірақ ешкім дәрі бермейді.

Бұдан басқа, ол бұрынғы әріптестерін ұрлық жасады деп айыптайды.

Полиция департаментінің баспасөз қызметі интернаттың екі тәрбиешісіне қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 110-бабы (Азаптау) бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

- Тергеу шаралары жүргізілуде. Балалардан дене жарақаты табылған жоқ.

Сондай-ақ, видеоның сәуір айында түсірілгені, ал Атырау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына шілдеде түскені белгілі болды. Басқарма бастығының орынбасары Альфия ТӨЛЕҒАРИЕВАНЫҢ айтуынша, жақында прокуратура мен кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияның тексеру жұмыстары Орталықта ешқандай заң бұзушылықты анықтаған жоқ. А.Төлеғариеваның айтуынша, видео авторыОрталықтың мүлкін ұрлауға қатысы болғандықтан, барлық мән-жай анықталғанша жұмыстан шеттетілген.

Еске салсақ, 2019 жылы бақылау камераларындағы жазбаға сәйкес, Орталық қызметкерлерінің қамқорлығындағыларды ұрып-соққаны белгілі болды. Кейін екі санитар үш жарым жылға бас бостандығын шектеу жазасын алды.

Фархат ӘБІЛОВ

Әлеуметтік желіден алынған бейнежазба

18 тамыз 2021, 17:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.