Атырау, 19 сәуір 15:25
 ашықВ Атырау +23
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Атырау әкімдігі Есеп комитетінің әлеуметтік баспана бойынша қорытындысымен келіспейді

1 948 просмотра

Есеп комитетінің республикалық бюджеттің орындалуын бақылау бойынша жақындағы отырысында Атырау облысына бөлінген бюджет қаржысының жұмсалу тиімділігін тексеру қорытындыланды. Анықталған бұзушылықтардың ішінде назар аударғаны – қалалық әкімдіктің аз қамтылған көпбалалы отбасыларға деп сатып алынған 160 пәтердің екі жылдан астам уақыт бойы бос тұрғаны. Алайда жергілікті билік бұл шағымның негізсіз екенін алға тартады.

- Қалалық құрылыс бөлімі аз қамтылған көпбалалы отбасыларға деп жалпы құны 1,4 млрд теңгеге 173 пәтер алынды. Оның 1,3 млрд-қа бағаланған 160 пәтері жергілікті атқарушы органда кезекте тұрғандарға 21 ай бойы берілмеген, - деді жиналыста Есеп комитетінің мүшесі Рашит АХМЕТОВ.

«АЖ» сауалына Атырау әкімдігіндегілер бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын жеткізді: «Өткізілген конкурс қорытындысы бойынша қалалық құрылыс бөлімі мен «Дамар Строй» ЖШС арасында жалпы құны 1 млрд 829 млн теңгеге 200 пәтер сатып алу бойынша келісімшартқа қол қойылды. Бұл қаржының 329 млн-ы республикалық бюджеттен болса, 1 млрд 500 млн теңгесі – жергілікті бюджеттің ақшасы. Республикалық бюджеттің қаржысына алынған үш бөлмелі 40 пәтер көпбалалы отбасыларға кезек бойынша берілді. Жергілікті бюджет қаржысына алынған 160 пәтер апаттық үйлердің тұрғындарына берілді». Сонымен қатар, әкімдіктің хабарлауынша, 2019 жылғы 18 қазандағы облыстық мәслихаттың №365-VI шешіміне сәйкес болашағы жоқ деп танылған ауыл тұрғындары (№496 разъезд, Қарабатан) көшірілген.

Фархат АБИЛОВ

6 желтоқсан 2021, 21:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.