Атырау, 22 ақпан 20:53
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 494.66
€ 581.87
₽ 6.43

Алматыда әйел 12-қабаттан секіріп кетті

1 625 рет қаралды

Алматыда әйел 12-қабаттан секіріп кетті. Қалалық полиция өз-өзіне қол жұмсау дерегін растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде Алматыда суицид жасағаны туралы хабарлама тарады. Хабарламада Ақсай шағынауданындағы көпқабатты үйдің 12-қабатынан қыз секіріп кеткені айтылған.

Алматы полициясы оқиға туралы ақпаратты растады. Бұл деректі Әуезов аудандық полиция басқармасы ҚР ҚК-нің 105-бабы "Өз-өзіне қол жұмсауға жеткізу" бойынша тіркеген.

Бұл іске қатысты тиісті сараптамалар тағайындалды. Мән-жайлар мен себептері белгіленеді.

6 желтоқсан 2021, 14:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.