Атырау, 25 сәуір 20:48
 ашықВ Атырау +17
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Полиция мен машинист көп балалы әкені суицидтен сақтап қалды

1 955 просмотра

1 желтоқсанда Атырау қаласындағы локомотив депосының аумағында 38 жасар сегіз баланың әкесі өзіне қол жұмсамақ мақсатымен 20 метрлік прожектор мұнарасына шығып алды. Бұл ойынан оны полиция қызметкері мен депоның қызметкері айнытты – ол үшін екеуі бас айналдырар биіктікке көтерілді.

ҚР ІІМ көліктегі полиция департаментінің бастығы Оңал Бекиевтің айтуынша, суицид әрекеті күндізгі сағат үш шамасында орын алған.

- Ер адам секірмекке бел буды. Көлік полициясының анықтаушысы Бексұлтан Жұмадинов пен оқиға туралы хабарлаған локомотив депосының машинисі мұнараға мініп, әлгі ер адамды әңгімеге артқан, - дейді Б.Бекиев.

- Ол адам масаң күйде болған. Тұрмыстағы қиындық салдарынан өмір сүргісі келмейтінін айтты. Біз онымен сөйлестік, секіріп өлу тығырықтан шығатын жол емес екенін, отбасы мен балаларын ойлауы керек екенін түсіндірдік, - дейді лейтенант Бексұлтан Жұмадинов. – Сәл сабасына келгесін ақырындап түсуіне көмектесіп, полиция бөлмесіне алып келдік. Бұл жағдай екі сағаттай уақыт алды. Қазір ол отбасының қасында. Қасымда серіктес болған нұсқаушы- машинист Сағындық Бекмағамбетовтің көмегін ерекше атап өткім келеді. Жасы біразға келсе де, қиын болса да, қауіпті биіктікке көтерілді. Осылайша, біз адам өмірін сақтап қалдық.

Фархат АБИЛОВ

Сурет пен бейнежазба әлеуметтік желіден алынды

4 желтоқсан 2021, 00:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.