Атырау, 23 желтоқсан 22:11
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

​Атырау облысында бір тәулікте 7 адам Covid-19 жұқтырған

1 766 рет қаралды

Атырау облысында коронавирус инфекциясын тарату жалғасуда, деп хабарлайды облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. 

Соңғы тәулікте өңірде коронавирустық инфекциямен 7 науқас анықталды. Атап айтқанда, Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 5 жағдайы расталды. Жылыой ауданында  - 1, Мақат ауданында - 1 науқас анықталды. 

Коронавирус инфекциясы бар 5 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде, 2 адамда ауру белгілері жоқ. 

Өткен тәулікте облыста коронавирустан 8 адам емделді.

Қазір 120 адам үй жағдайында, модульдік ауруханада - 62, аудандық инфекциялық стационарларда - 27, Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда - 17 науқас емделіп жатыр.

Айта кетейік, инфекцияның таралу қарқыны бойынша Атырау облысы "жасыл" аймақта.

7 желтоқсан 2021, 10:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.