Атырау, 26 қараша 13:53
 бұлттыВ Атырау +2
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

​Полиция ғимаратынан шыққан жігіт із-түссіз жоғалды

3 276 просмотра

30 қарашада Атырауда 21 жасар жігітті қалалық полиция басқармасына жауап алуға шақырған, ал ғимараттан шыққан соң ол... жоғалып кеткен.

Оның қылмыстық іс бойынша куәгер немесе жауапталушы ретінде өткені туралы ақпарат «АЖ»-ға әзірге белгісіз. Біздің мәліметке сәйкес, дәлізде біраз отырған жігіт сыртқа шыққан. Содан соң байланыс болмаған. Анасының айтуынша, ол соңғы рет 30 қараша күні кешкі жеті шамасында сөйлесті, сосын телефоны өшіп қалған.

Қазір әлеуметтік желіде жоғалған жігіттің суреті мен ол туралы мәлімет таратылуда. Полиция қызметкерлері іздестіруде.

Фархат АБИЛОВ

4 желтоқсан 2021, 00:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.