Атырау, 27 сәуір 04:19
 ашықВ Атырау +24
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

​«Атырау» ФК-ға жаңа бас директор мен бас менеджер келді

1 894 просмотра

6 желтоқсанда «Атырау» футбол клубының командасы жаңа басшылықпен танысты. Олар бас директор Эрнис ЕСМАҒАМБЕТОВ пен бас менеджер Әлішер АПСАЛЯМОВ.

Э.Есмағамбетов Лейпциг университетін спорттық менеджмент мамандығы бойынша, содан кейін AlmaU университетінде (Алматы) «Менеджмент» мамандығы бойынша магистатура бітірген. Ұзақ уақыт бойы «Қайрат» ФК жүйесінде: скаутинг бөлімінің бастығы, әкімшілік және спорт бөлімінің бастығы, оқу-жаттығу базасының директоры қызметтерін атқарды.

А.Апсалямов Семейдің тумасы. Бостондағы Suffolk University  оқу орнын бітірген, Ұлыбританияда футбол селекционері болып жұмыс істеген (Чемпионшипте ойнаған «Кардифф Сити» валийлық клубы), кейін Боснияда «Сараево» ФК президентінің кеңесшісі, 2017 ж. -2018 жылы «Қайрат» футбол клубының бас директоры, одан кейін «Каспий» ФК бас менеджері (Ақтау) болды.

Әкесі Ерболат Апсалямов 2007-2011 жылдары Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің экс-депутаты, бизнес құрылымдарында ірі қызметтерді атқарған, қазір де кәсіпкерлікпен айналысып келеді. 2019 жылдың мамыр айында Forbs журналы Апсалямовты Қазақстанның ең бай 50 бизнесмені тізімінде 34-ші орынға орналастырды.

Дайындаған Айнұр САПАРОВА

7 желтоқсан 2021, 11:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.