Атырау, 5 шілде 14:31
 дождьВ Атырау +30.6
$ 472.03
€ 540.29
₽ 6.11

Барлық жаңалық

Пара алды деген күдікпен Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары мен құрылыс басқармасының басшысы ұсталды Атырауда

Пара алды деген күдікпен Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары мен құрылыс басқармасының басшысы ұсталды

«AЖ»-ға белгілі болғандай, бүгін, 10 қыркүйекте 182 миллион теңге көлемінде пара алды деген күдікпен Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан ТАУБАЕВ пен облыстық құрылыс басқармасының бастығы Тимур БАСАРОВ ұсталды. 10 қыркүйек 2020, 17:32 10 925 рет қаралды
«Теңізшевройл» мұнай өндірісін тәулігіне 100 мың баррельге азайту арқылы міндеттемесін орындады Атырауда

«Теңізшевройл» мұнай өндірісін тәулігіне 100 мың баррельге азайту арқылы міндеттемесін орындады

Биылғы жылдың екінші тоқсанының қорытындысы бойынша Теңіздегі өндіріс тәулігіне 100 мың баррельге азайды, - деп хабарлайды S&P GlobalPlatts ақпараттық агенттігі. Бұл компанияның ОПЕК+ келісімі аясында өндірісті қысқарту жөніндегі міндеттемелеріне байланысты болып отыр. 10 қыркүйек 2020, 17:11 4 208 рет қаралды
Қашаған мен Теңіздегі коронавирус бойынша қазіргі ахуал Атырауда

Қашаған мен Теңіздегі коронавирус бойынша қазіргі ахуал

Консорциумның баспасөз қызметінен «AЖ»-ға түскен ақпарат бойынша, пандемия басталғалы NCOC өндіріс алаңдарында COVID-19-дың 94 расталған жағдайы тіркелді (ең алғашқысы шілдеде болған). Вирус жұқтырған 81 адам сауығып кетті, қалған 13-і бүгінде қажетті ем алу үшін арнайы провизорлық стационарға жатқызылды. Баспасөз қызметі хабарлағандай, көбі кеңейтілген сынама арқылы анықталды, әдетте, бұл аурудың белгілері байқалмаған. 10 қыркүйек 2020, 16:36 3 240 рет қаралды
​Жеңіс саябағы саудаға шығарылды. Әзірге алуға ниет білдіргендер жоқ Атырауда

​Жеңіс саябағы саудаға шығарылды. Әзірге алуға ниет білдіргендер жоқ

Осы жылдың жазында Атырау әкімдігі Жеңіс саябағын сенімгерлік басқаруға беру үшін оны электрондық сауда-саттыққа шығарды, бірақ әзірге бұл ұсыныс ешкімді қызықтыра қоймаған. 10 қыркүйек 2020, 15:37 3 406 рет қаралды
Атырау облысындағы оқу жылының алғашқы аптасы: байланыс нашар Атырауда

Атырау облысындағы оқу жылының алғашқы аптасы: байланыс нашар

Осы жылдың 14 шілдесінде Қазақстанда коронавирус инфекциясы мен пневмония ауруы үдеген кезде жаңа оқу жылы онлайн форматында басталады деп ұйғарылды. Алайда, күзге жақын билік бастауыш сынып оқушылары үшін кезекші сыныптар, сондай-ақ интернетке қатысты проблемасы бар шалғай елді мекендерден шағын мектептер ашу туралы шешім қабылдады. Жаңа оқу жылының қашықтан оқытылған бірінші аптасы қалай өткені туралы - «AЖ» материалында. 10 қыркүйек 2020, 15:30 4 055 рет қаралды
«Бейбарыс» хоккейшілері маусымды өз алаңында көрерменсіз бастайды Спорт

«Бейбарыс» хоккейшілері маусымды өз алаңында көрерменсіз бастайды

Атырау облыстық «Бейбарыс» хоккей командасы 19 қыркүйекте ҚР чемпионатын астаналық «Nomad»» командасымен өз алаңында бастайды, екінші матч дәл сол қарсыласпен келесі күні өтеді. Бұл туралы хоккей клубының баспасөз қызметі хабарлады. 10 қыркүйек 2020, 12:12 3 174 рет қаралды
Скляр жұмыс қарқынын тездетуді тапсырды Атырауда

Скляр жұмыс қарқынын тездетуді тапсырды

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Роман СКЛЯР Атырау облысына барған жұмыс сапарында ірі инфрақұрылымдық жобалардың іске асырылу барысын тексерді. Бұл туралы премьер-министрдің сайтында хабарлады. 10 қыркүйек 2020, 11:36 2 802 рет қаралды
Құрманғазы ауданының әкімі орынбасарына үкім шығарылғаннан кейін отставкаға кетті Атырауда

Құрманғазы ауданының әкімі орынбасарына үкім шығарылғаннан кейін отставкаға кетті

Құрманғазы аудандық соты Атырау облысы Құрманғазы ауданы әкімінің бұрынғы орынбасары Өркен ТӘЖІБАЕВҚА үкім шығарды. Ол билікті асыра пайдаланды, кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу және алаяқтық жасады деп айыпталды. 10 қыркүйек 2020, 10:42 4 952 рет қаралды
Атырауда кәріздік-тазарту қондырғысы биыл іске қосылмайды Атырауда

Атырауда кәріздік-тазарту қондырғысы биыл іске қосылмайды

8 қыркүйекте ҚР Экология министрі Мағзұм МЫРЗАҒАЛИЕВ Атырауға келді. АМӨЗ-де өткен кездесу кезінде зауыт басшылығы оған механикалық тазалау ғимараттарын қайта жаңарту 2021 жылы аяқталатынын хабарлады. Қалған жұмыстар 2023 жылға дейін жүзеге асырылады. 9 қыркүйек 2020, 17:21 3 134 рет қаралды