Атырау, 14 қазан 05:23
 ашықВ Атырау +9
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Ұшақтан - карантин стационарына

3 533 просмотра

Атырау облысының бас санитар дәрігері Амантай ЖҰМАҒАЛИЕВТЫҢ айтуынша, соңғы екі аптада жүргізілген бақылау барысында карантин ережесі бұзылған 15 факті тіркелген. Атап айтқанда, бұл - дүкендерде зарарсыздандыру құралдарының жоқтығы және қоғамдық орындарда маскасыз жүру. Атырау әуежайында әуе рейстері мен Атырау-Астрахань трассасында жолаушыларды тексеру кезінде де талап бұзушылықтар анықталды.

- 6 қазаннан бастап осы күнге дейін Атырауға әуе жолымен 3012 адам келді, олардың 182-сінде ПТР тестілеуден өткендігі туралы анықтама болмады. Олардың барлығы карантин стационарына жіберілді, кейіннен олар тапсырған тест теріс нәтиже көрсетті, бірақ бұл басқа әңгіме, - деді Жұмағалиев. - Астрахань трассасының бойымен осы кезеңде Атырауға 12 856 адам келді. Оның ішінде 1 656-сында (210 жолаушы және 1 446 жүргізуші) ПТР тест анықтамасы болмаған. Олар да карантин стационарына жіберілді, 6 жүргізуші мен 1 жолаушыдан оң нәтиже шығып, емделуге жіберілді.

Естеріңізге салсақ, ПТР сынамасының анықтамасы болмаса, Атырауға шетелден келген адамдар 2 күндік карантин стационарына жіберіледі. Нәтиже теріс шықса да олар 14 күн бойы өзін-өзі оқшаулауға жіберіледі.

Айнұр САПАРОВА

17 желтоқсан 2020, 15:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.