Атырау, 25 қараша 16:22
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

"Мен ешқайда қашпаймын". Лукашенко Беларусь үшін "күресуге" уәде берді

3 736 просмотра

Лукашенко Могилевтағы облыстық ауруханада. © Президент баспасөз қызметі

Беларусь президенті Александр Лукашенко елі үшін "күресуге" дайын екенін мәлімдеді. Бұл туралы мемлекет басшысы сейсенбіде Могилевтегі облыстық клиникалық аурухана ұжымымен кездесуде айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Менің ұстанымымды түсінгендеріңізді қалаймын, ол өзгермейді: тату-тәтті өмір сүрейік, мемлекетті сақтап қалайық (не болса да, оны сақтаймыз, мен және ол үшін емес - немерелер үшін) Бұл - менің басты міндетім", - деді Лукашенко СТВ телеарнасы жариялаған видеода.

Сонымен қатар, ол бәрін халық шешетінін атап өтті.

"Бәрін сіздер шешесіздер деп уәде беремін. "Лукашенко Конституцияны өз ыңғайына қарай жасап алды дегендерге сенбеңіздер... Бірақ ешкім Лукашенко бәрін тастап, кетіп қалды деп ойламауы керек. Соңғы ОМОН қызметкері және дәрігер: "Болды, Лукашенко, сен өз айтқаныңды жасадың" деп айтқанша, мен осы ел үшін күресемін. Менде одан басқа ештеңе жоқ", - деді Беларусь президенті.

Лукашенко билікті ұстап тұруға тырыспайтынын, бірақ елді ешкімге бермейтінін атап өтті.

"Мен ешқайда қашпаймын. Ешқайда. Оны сіздер білсін деймін. Адамдар кімдердің билікке ұмтылғанын көрді. Мұндағы мәселенің маған қатысы жоқ. "Мен істерімді істедім. Осындан соң не болады деп уайымдаймын (Билікке қазіргі оппозиция келсе – ескерту)", - деді ол.

Мемлекет басшысы Беларусьтің "мемлекет ретінде сұранысқа ие болатынына" сенімді екенін, ол "Еуропа мен өркениеттің орталығы" екенін жеткізді.

Айта кетейік, осыған дейін Беларусь президенті елде Конституция жобасының үшінші нұсқасы дайындалып жатқанын айтқан еді. Оның айтуынша, жаңа конституция бойынша ол президент қызметін атқармайды.

16 желтоқсан 2020, 14:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.