Атырау, 23 желтоқсан 15:58
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Атырау облысы әкімнің жаңа орынбасары тағайындалды

4 343 рет қаралды

15 желтоқсанда Атырау облысы әкімінің жаңа орынбасары  болып Қайрат БЕКЕНОВ тағайындалды. Коммуникациялар қызметі хабарлағанадй, одан бұрын осы лауазымды атқарған Ержан Әбілханов өз еркімен жұмыстан кетті. Қайда кеткені хабарланбайды.

Қайрат Бекенов 1978 жылы дүниеге келген, үш жоғары білімі бар. Түрлі жылдары ҚР Қаржы министрлігі департаментінің басқармасының бастығы, ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру жұмысы бөлімінің бас инспекторы болып жұмыс істеді. Бұдан басқа, Астана қаласы Сарыарқа ауданы әкімінің орынбасары, Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары, Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, «Ақтөбе» ӘКК» АҚ Басқарма төрағасы лауазымдарын атқарды. Тағайындалғанға дейін Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары болып жұмыс істеген.

Айнұр САПАРОВА

16 желтоқсан 2020, 11:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.