
Атырауда 15 желтоқсанда 144 отбасына Береке ықшамауданындағы 9 қабатты ғимараттан жаңа пәтердің кілттері салтанатты түрде табысталды. Бұлар аз қамтылған, көп балалы отбасылар, сондай-ақ, кәмелетке толған жетім балалар.
Атырау облысының коммуникциялар қызметі хабарлағандай, «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясанда жаңа көппәтерлі тұрғын үй салынды.

Атырауда жыл басынан бері кезекте тұрған 363 отбасы, апатты үйлерден – 471 отбасы және жатақханалардан - 10 отбасы жаңа баспана алды.
- Осылайша, биыл жатақхана проблемасы іс жүзінде жабылды, - деп атап өтті қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі. Сонымен қатар, биыл 24 отбасы Қарабатан станциясынан Жұлдыз ықшамауданындағы жаңа үйлерге көшірілді.
Жыл соңына дейін тағы 332 отбасын апатты үйлерден көшіру жоспарланып отыр.

Дайындаған Айнұр САПАРОВА
ӨКҚ ұсынған сурет
В Атырау 0