Атырау, 14 қазан 05:24
 ашықВ Атырау +9
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Осы 4 күнде қоғамдық көліктер, сауда орталықтары мен базарлар қалай жұмыс істейді

3 934 просмотра

Барлық мереке және демалыс күндері 16-19 желтоқсан аралығында автобустар әдеттегідей жүреді. Бұл туралы Атырау облысының бас санитар дәрігері Амантай ЖҰМАҒАЛИЕВ хабарлады.

- Мереке күндері жолаушылар тасымалы тоқтатылмайды, маршруттар жұмыс істейді. Бұл ретте әлеуметтік арақашықтықты сақтау және маска кию талаптары сақталуы керек, - дейді Жұмағалиев.

Базарлар мен сауда орталықтарындағы жұмыс кестесі күрделірек.

- 16 және 17 желтоқсанда базарлар мен сауда орталықтары жабылады, 18-і - жұмыс істейді, 19-ы - қысқартылған режимде, сағат 17-ге дейін жұмыс істейді, - дейді кәсіпкерлік басқармасының басшысы Абдуахит ӘБІШЕВ. Оның айтуынша, облыста 20 базар жұмыс істейді, оның 9-ы Атырауда, қалғандары аудандарда. 24 ірі сауда орталығы бар, оның 14-і - облыс орталығында.

Айнұр САПАРОВА

16 желтоқсан 2020, 10:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.