Геннадий Головкин. Фото: GGG Promotions©
Орта салмақтағы IBF және IBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) мен поляк Камил Шеремета (21-0, 5 KO) жекпе-жек алдында салмақ өлшеу рәсіміне шықты, - деп хабарлайды Тенгриньюс Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.
GGG өзінің жекпе-жектеріне үнемі эксклюзив ұлттық киіммен шығатыны белгілі. Бұл жолы ол салмақ өлшеу рәсіміне де шапанмен шықты, ресми сұхбатта да сонымен отырды.
Еске салайық, 19 желтоқсан, сенбіде Қазақстан уақытымен таңертең Головкин өз титулдарын 21-ші рет қорғайды. Оның жекпе-жегі Голливудтағы (Флорида, АҚШ) бокс кешінде басты кездесу болады. Сонымен қатар, боксшы Әли Ахмедов (16-0, 12 КО) екінші орта салмақтағы IBO нұсқасы бойынша бос әлем чемпионы титулына жекпе-жек өткізеді.