Атырау, 14 қазан 05:22
 ашықВ Атырау +9
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

№3, 15, 30 және 62 автобус маршруттары қайта іске қосылады

Сурет
4 466 просмотра

Жаңа жылдан бастап Атырауда бұрын тоқтатылған қаладағы жолаушылар жүретін 4 маршрут қайта іске қосылады. Атап айтқанда, «Атырау» ықшамауданынан «Дина» базарына дейін № 3, «Сарықамыс» ықшамауданынан «Мұнайшы» ықшамауданына дейін №15, «Жеңіс» саябағынан Жилгородокқа дейін №30 және Сарыөзектен «Дина» базарына дейін №62 маршруттар жүреді.

Бұдан басқа, қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлағандай, 15 желтоқсаннан бастап Самал, Самал-2 (Машанова - Кекілбайұлы - 16-шы өткел) ықшамаудандарын толық қамту үшін №22 маршрут ұзартылды, №65 маршрут та ұзартылады, автобус енді Сая ықшамауданына кіреді (бұл Водников ауылының маңындағы саяжайлар тұрған жаңа ықшамаудан).

Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

17 желтоқсан 2020, 14:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.