Атырау, 14 қазан 05:28
 ашықВ Атырау +9
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Атырау облысы енді «қызыл аймаққа» кіре ме?

3 679 просмотра

Соңғы апталарда Атырау облысында корановирус ауруының күрт көбейгені байқалады. 8-14 желтоқсан аралығында 275 адамның ауру жұқтырғаны анықталды. Мұндай қарқынмен біздің облыс көп ұзамай «сары» аймақтан «қызылға» ауысуы мүмкін. Бұл туралы брифингте облыстың бас санитар дәрігері Амантай ЖҰМАҒАЛИЕВ хабарлады.

Оның айтуынша, облыс дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жағынан да, медициналық мекемелер мен карантин стационарындағы кереует орны бойынша да екінші толқынға дайын.

- 10 мекемеде корановирусты анықтайтын зертханалар жұмыс істейді, олар күніне 2500-3500 адамды тексереді, - дейді Жұмағалиев. - Соңғы аптада ауру жұқтырған 436 адам анықталды. Олардың барлығының үйде және жұмыста корановирус жұқтырған науқастармен тығыз байланыста болғандығы анықталды. 80% жағдайда ауру белгісі байқалмайды немесе жеңіл өтеді. Аурудың көбеюі әсіресе облыс орталығында, Жылыой (Теңіз), Құрманғазы және Мақат аудандарында байқалады.

Ол балалар бойынша да статистика келтірді. 1 қыркүйектен 14 желтоқсанға дейін ауру жұқтырған 33 мектеп оқушысы анықталды, оның ішінде 29 бала үйде оқиды, 4 бала мектепке барады. Барлығы дерлік Атырауда – бірен-сараны Индер, Мақат және Жылыой аудандарында.

- Балалар ауруды отбасында жұқтырған болып шықты. Қазір олардың барлығы сауығып, дәрігерлердің бақылауынан шығарылды, деді Жұмағалиев.

Айнұр САПАРОВА

16 желтоқсан 2020, 14:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.