Атырау, 14 қазан 05:29
 ашықВ Атырау +9
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Атырауда тәулік ішінде 77 адам Covid-19 жұқтырды

3 949 просмотра

Атырау облысында 16 желтоқсанда 77 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды,  деп хабарлайды Атырау облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті.

Қауіпті дертке шалдыққан науқастардың 35-і Атырау қаласынан тіркелген. Теңіз вахталық ауылынан - 31, Құлсарыдан - 6, Қызылқоға ауданынан - 4, Махамбет ауданынан 1 адамнан Covid-19 анықталған.

16 адамның денсаулық жағдайына байланысты медициналық көмекке жүгінгені, ал, 34-інен скринингтен өту барысында анықталып, 27 адам ауру жұқтырған науқаспен байланыста болғаны хабарланады.

«Қазіргі таңда науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда. Ауру ошақтарында эпидзерттеу жұмыстары, дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде», - делінген хабарламада.

Өңір бойынша 28 наурыз – 16 желтоқсан аралығында коронавирус инфекциясының 12283 жағдайы тіркеліп, 100 мың тұрғынға шаққандағы ауру көрсеткіші 1906,2 құрады. Оның ішінде 3589 жағдайы симптомды және 8694 жағдайында ауру белгілері байқалмаған.

Аумақтық бөлініс бойынша: Атырау қаласында – 5802, Жылыой ауданында – 4658 жағдай (Теңіз кен орнында - 3512, Құлсары қаласында – 1146) тіркелген, Индер ауданында - 367, Исатай ауданында – 258, Қызылқоға ауданында – 447, Құрманғазы ауданында - 222, Мақат ауданында - 291, Махамбет ауданында – 238 жағдай.

Естеріңізге салсақ, Атырау облысы 16 желтоқсаннан бастап коронавирус бойынша «қызыл» аймаққа кірді.

17 желтоқсан 2020, 15:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.