Атырау, 19 маусым 02:02
 дождьВ Атырау +25.6
$ 487.73
€ 558.99
₽ 6.63

Әлемде

Хорватия Сербиямен шекараны жабуы мүмкін Әлемде

Хорватия Сербиямен шекараны жабуы мүмкін

Хорватия сыртқы істер министрі Ранко Остоич Сербиямен шекара мигранттар ағныны тоқтату үшін уақыт жабылуы мүмкін екенін мәлімдеді. Оның айтуынша, егер Сербия жақтан бір күнде тағы сегіз мың мигрант өтсе, Хорватия шекараны жабады. 18 қыркүйек 2015, 09:55 1 773 рет қаралды
Тәжікстанда Назарзода басқаратын ұйымды жою кезінде 25 адам өлтірілді Әлемде

Тәжікстанда Назарзода басқаратын ұйымды жою кезінде 25 адам өлтірілді

Тәжікстанда генерал Абдухалим Назарзода басқаратын ұйымды жою опреациясы кезінде 25 адам қаза тауып, 28 адам ұсталды, - деп хабарлайды РИА Новости республиканың Бас прокуратурасына сілтеме жасап. 17 қыркүйек 2015, 16:47 1 273 рет қаралды
Ресей Украина санкциясының салдарын "сараламақ" Әлемде

Ресей Украина санкциясының салдарын "сараламақ"

Мәскеу Украина салған жаңа санкциялардың ықтимал салдары қандай боларын "талдап, екшеуден өткізбек". Бұл туралы Ресей премьер-министрінің орынбасары Аркадий Дворкович 17 қыркүйекте "РИА Новости" агенттігіне берген сұхбатында мәлімдеді. 17 қыркүйек 2015, 16:31 2 228 рет қаралды
Дания Еуроодақтағы мигранттар проблемасын шешуге 100 млн еуро бөледі Әлемде

Дания Еуроодақтағы мигранттар проблемасын шешуге 100 млн еуро бөледі

Дания Еуроодақтағы көші-қон дағдарысын реттеу бойынша жалпы еуропалық күш салу аясында биыл және келесі жылы 100 млн еуро бөледі. Бұл туралы елдің премьер-министрі Ларс Лекке Расмуссен мәлімдеді, деп хабарлайды ТАСС. 17 қыркүйек 2015, 16:24 2 510 рет қаралды
Чилиде магнитудасы 8,4-ке тең жойқын жер сілкінісі болды Әлемде

Чилиде магнитудасы 8,4-ке тең жойқын жер сілкінісі болды

Чили жағалауында магнитудасы 8,4-ке тең жойқын жер сілкінісі кеше, сәрсенбі күні UTC уақыты бойынша сағат 22.54-те (Астана уақытымен бейсенбі сағат 4.54-те) болды, - деп хабарлайды emsc-csem.org. 17 қыркүйек 2015, 16:20 2 529 рет қаралды
Лос-Анджелес ХОК-қа 2024 жылғы Олимпиаданы өткізуге ресми өтінім жолдады Әлемде

Лос-Анджелес ХОК-қа 2024 жылғы Олимпиаданы өткізуге ресми өтінім жолдады

Американың Лос-Анджелес қаласы Халықаралық олимпиада комитетіне 2024 жылы жазғы Олимпиада ойындарын өткізуге ресми өтінім жолдады. Бұл туралы АҚШ Ұлттық олимпиада комитетінің ресми сайтында хабарланған. 16 қыркүйек 2015, 12:22 1 396 рет қаралды
Тәжікстанда «Альфа» тобы басшысы мерт болғаны хабарланды Әлемде

Тәжікстанда «Альфа» тобы басшысы мерт болғаны хабарланды

Тәжікстандағы Рамит шатқалында елдің қорғаныс министрінің бұрынғы орынбасары,қашқын генерал Абдухалим Назарзодағақарсы арнайы операция кезінде сейсенбі күні кешке тәжікстандық қауіпсіздік күштерінің кемінде екі қызметкері қаза тапқан. 16 қыркүйек 2015, 12:15 1 554 рет қаралды
Венгрияда шекараны заңсыз кесіп өтпек болған 9,3 мыңнан астам мигрант ұсталды Әлемде

Венгрияда шекараны заңсыз кесіп өтпек болған 9,3 мыңнан астам мигрант ұсталды

Венгрияның құқық қорғаушылары дүйсенбі күні шекараны заңсыз кесіп өтпек болған 9,3 мыңнан астам мигрантты ұстады. Бұл туралы бүгін белгілі болды, деп хабарлайды ТАСС. 15 қыркүйек 2015, 15:53 2 396 рет қаралды
Еуроодақ мигранттар ағынын бақылау операцияларын күшейтпек Әлемде

Еуроодақ мигранттар ағынын бақылау операцияларын күшейтпек

Еуроодақ көші-қон ағынын бақылау операциясын күшейтуді жоспарлап отыр. Бұл туралы кеше ЕО-ға мүше 28 елдің ІІМ басшыларының миграция мәселелеріне қатысты өткізген шұғыл отырысының қорытындысы бойынша жасалған мәлімдемеде айтылған, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС. 15 қыркүйек 2015, 09:57 1 252 рет қаралды
Австралиялық боксшы Дэвид Браун қарсыласының ауыр соққысынан көз жұмды Әлемде

Австралиялық боксшы Дэвид Браун қарсыласының ауыр соққысынан көз жұмды

Австралиялық кәсіпқой боксшы Дэвид Браун филиппиндік Карло Магалиден нокаутпен жеңіліп, рингте алған жарақатынан ауруханада көз жұмды, деп хабарлайды Sky News Australia. 15 қыркүйек 2015, 09:55 2 166 рет қаралды
Charlie Hebdo тағы да даулы карикатура жариялады Әлемде

Charlie Hebdo тағы да даулы карикатура жариялады

Францияның даулы журналы Charlie Hebdo бұған дейін Түркияның теңіз жағалауында табылған сириялық баланың карикатурасын салды. Бұл суреттерге қоғамдық наразылықтар туып жатыр, - деп хабарлайды The Daily Mirror. 15 қыркүйек 2015, 09:46 2 730 рет қаралды
Аман Төлеев Кемеров облысының губернаторы болып қайта сайланды Әлемде

Аман Төлеев Кемеров облысының губернаторы болып қайта сайланды

Этникалық қазақ Аман Төлеев Ресейдің Кемеров облысының губернаторы болып сайланды. Электораттың 96,7 % дауысын жинап, рекорд жаңартқан саясаткер өзінің 4 қарсыласын шаң қаптырған. Төлеев бұл губернаторлық қызметке бесінші рет тағайындалып отыр, ол үш рет сайлау арқылы, екі рет президенттік тағайындаумен аталмыш қызметке лайықты деп табылған болатын. 15 қыркүйек 2015, 09:41 2 554 рет қаралды
Германияның ірі энергетикалық концерні 9 млрд еуро шығынға ұшырайды Әлемде

Германияның ірі энергетикалық концерні 9 млрд еуро шығынға ұшырайды

Германияның ірі энергетикалық концерні E.ON осы тоқсанда 9 млрд еуро шығынға батады. Оған концерннің өзінің атом бизнесін басқа компанияға бөлуден бас тартуы себеп болып отыр. Осының кесірінен E.ON акциялары тарихи минимумға дейін құлдырап кетті, деп хабарлайды Вести. 11 қыркүйек 2015, 15:19 1 716 рет қаралды
АҚШ-та 9/11 лаңкестік актісінің 14 жылдығында жарылыс жасамақ болған жігіт қолға түсті Әлемде

АҚШ-та 9/11 лаңкестік актісінің 14 жылдығында жарылыс жасамақ болған жігіт қолға түсті

2001 жылдың 11 қыркүйегінде Нью-Йоркте жасалған лаңкестік актінің 14 жылдығын жергілікті тұрғындар 1 минут үнсіздікпен еске алды. Осы сәтті пайдаланып, жарылыс ұйымдастырмақшы болған 20 жастағы флоридалық Джош Голбдерг қолға түсті, деп жазады Washington Post газеті. 11 қыркүйек 2015, 10:57 3 133 рет қаралды
Хиллари Клинтон Путиннің ең тартымды қасиетін атады Әлемде

Хиллари Клинтон Путиннің ең тартымды қасиетін атады

Демократиялық партияның атынан АҚШ президенттігіне таласқан Хиллари Клинтон Вашингтондағы Брукингс институтында сайлаушылардың алдында сөз сөйлеп, Ресей президенті Владимир Путин келбетінің қай тұсын тартымдырақ санайтынын айтты, - деп хабарлайды Politico басылымы. 11 қыркүйек 2015, 10:54 1 782 рет қаралды
"Әл-Каида" ұйымы әлемнің ең бай адамдарына шүйлікті Әлемде

"Әл-Каида" ұйымы әлемнің ең бай адамдарына шүйлікті

"Әл-Каида" лаңкестік ұйымы шығаратын Inspire журналының соңғы номері құқық қорғау органдарының назарын аударып отыр, себебі онда америкалық атақты кәсіпкерлерге шабуыл жасауға үндеу бар. NBC Newsбасылымының мәліметінше, тізімге Microsoft компаниясының негізін қалаушы Билл Гейтс, миллиардерлер Уоррен Баффет, Чарльз және Дэвид Кох, сонымен қатар, Нью-Йорктың бұрынғы мэрі Майкл Блумберг бар. 10 қыркүйек 2015, 16:23 2 499 рет қаралды
Даавутоглу содырларды жоюға уәде берді Әлемде

Даавутоглу содырларды жоюға уәде берді

Түркия премьер-министрі Ахмет Давутоглу Курд жұмысшы партиясының содырларының көзін жоюға уәде берді. 6 қыркүйекте күрд жасақтарының Хаккари провинциясындағы шабуылынан 16 түрік солдаты қаза тапқан. 8 қыркүйек 2015, 12:28 1 618 рет қаралды