Ұлыбритания премьер-министрі Дэвид Кэмерон Еуроодақ құрамында қалуы үшін орындалуы қажет жаңа талаптарын жария етті. Олардың саны – төртеу.
Алдымен елге еуроны күштеп таңбау. Онан әрі одақтағы бюрократиялық кедергілерді жою, ұлттық парламенттің рөлін арттыру. Және соңғысы – бұл мигранттарға берілетін жәрдемақының берілу уақытын 4 жылға дейін қысқарту. Егер одақ мүшелері бұл талаптарды орындамаса, Кэмерон британиялық еуросыншылдардың жағына шығатынын мәлімдеді. Ұлыбританияда 2017 жылдың соңына дейін Еуропалық одақ құрамына кіру бойынша референдум өтеді. Алайда премьер-министр соның алдында Брюссельмен келісімге келуді көздеп отыр. Дэвид Камерон, Ұлыбритания премьер-министрі: - Өз ұстанымдары бар 27 елдің келісімін алу оңай болмайтынын мойындаймын. Алайда бұл мүмкін емес дегенге сенбеймін. Еуропа белсенділерінің алдында тұрған қатерлерді ескерер болсақ, Британия сұрап отырған өзгерістердің орындалмауы мүмкін емес. Еуропалық одақ көп қиындықтарға төтеп берді. Бұл мәселенің де оң шешімін табады деп сенеміз. Сондықтан бірігуді ұсынамыз.
Дереккөз/фото: 24.kz