Атырау, 26 қараша 08:55
 ашықВ Атырау +4
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

ИМ тобы Ресейге "шабуылдайтынын" тағы мәлімдеді

1 722 просмотра

«Ислам мемлекеті» экстремистік тобының мүшелері.«Ислам мемлекеті» (ИМ) экстремистік ұйымы Ресейге Сирияны бомбалағаны үшін «таяуда» шабуыл жасайтынын айтып, доқ көрсетті деп хабарлады 12 қарашада SITE мониторинг жүргізу тобы.

Интернетте таралған орыс тіліндегі видеода Ресейге «тым жақын уақытта» содырлар шабуыл жасайтыны айтылған. Кремль қауіпсіздік қызметі бұл видеоны тексеріп жатқанын хабарлады.

Соңғы апталарда Ресей астанасы мен өзге де ірі қалаларда қауіпсіздік шаралары күшейтілген.

Мәскеу Таяу Шығыста ИМ қатарында бұрынғы совет республикаларынан барған, жалпы саны бес мыңнан жеті мыңға дейінгі аралықтағы азамат соғысып жүргенін айтады.

ИМ өзіне қарсы Сирияда әскери операциялар жүргізгені үшін Ресейден «кек алатынын» бұған дейін де мәлімдеген.

Дереккөз/фото: azattyq.org

13 қараша 2015, 10:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.