Паттани провинциясында болған жарылыстан 4 адам қаза тапты. Оқыс оқиға салдарынан 3 адам жараланды. Бұл туралы полицияға сілтеме жасаған ТАСС хабарлайды.
Ақпаратқа сәйкес, қаза тапқандар мен жараланғандардың барлығы аймақтағы қауіпсіздік қамтамасыз етуші еріктілер жасағының мүшелері болған. Жарылғыш зат осы еріктілерге тиісті бекеттің ішіне қойылған. Полицейлер жарылысты осы аймақта әрекет етуші сепаратистік топтардан көруде. Соңғы 11 жылда Паттани, Яла және Наратхиват провинциялары мен елдің мұсылмандар тұратын оңтүстігінде атыс-шабыс пен жарылыстардан 6,5 мыңнан аса адам көз жұмған.
Дереккөз/фото: 24.kz