БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - Қытайда (Нанкин, Харбин, Суйфэньхэ, Гонконг және Бейжің қалаларында) бір бөлке нанның орташа бағасы 10,8 юаньді (525 теңге) құрайды, негізгі тұтынатын өнім - күріш.
Бір тостаған күріш қытайлық үшін нан іспетті. Нан өнімдерін мұнда күріш және жүгері ұнынан әзірлейді. Бидай ұны макарон өнімдері мен кеспе дайындауда пайдаланылады.
ҚазАқпарат Бейжіңдегі нан өнімдерінің нарығымен танысуды ұсынып отыр:
- «Цзинкэлун» желісінде «Маньтоу» тоқаштар пакетінің - 6 дана салмағы 500 грамм - құны (күріш ұнынан жасалған) 5,9 юань (284 теңге).
- бір «баоцзы» бәліші 3 (144 теңге) немесе 3,5 юань (ішіне бірдеңе салынса, 168 теңге);
- Қытайда өндірілген 5 кг ұнның бағасы сортына қарай шамамен 29,6-64 юань (1426-3084 теңге) аралығында;
- салмағы 500 грамм зауыт орамасындағы қарапайым қытайлық кеспе - 5-10,8 юань (241-520 теңге);
- тез дайындалатын кеспе - шамамен 6 юань (289 тенге).
Қарапайым нанға үйренген шетелдіктер бұл өнімді импортталған тауарларды сататын дүкендерден алады. Онда француз багеттері, круассандар, қара бородин наны, араб лавашы, қарапайым ақ нан, туралған және т.б бар. Алайда ол қымбат.
Мысалы, «Дядя Юра» дүкендер желісінде, сонымен қатар «Jenny Lou's» 250 грамдық багет құны шамамен 8-12 юань (385-578 теңге), араб лавашы (салмағы сондай) - 12,8 юань (617 теңге), 300 грамм туралған ақ нан - 7,8 юань (375 теңге), неміс брецелі - 6 юань (289 теңге), қара бидай наны (450 гр.) - 15 юань (723 теңге), 250 грамм «бородин» наны - 12 юань (578 теңге).
Жұқа нанды ұйғыр не дүнген асын дайындайтын дәмханалардан сатып алуға болады. Орташа бағасы 6 юаньды (289,14 теңге) құрайды.
Шетелде өндірілген макарон өнімдерінің және ұнның бағасы:
- ресейлік макарондар (400 гр.) «Алейка» - 11 юань (530 теңге);
- итальяндық макарондар, спагетти (500 гр.) - шамамен 13,6-21,6 юань (655- 1040 теңге);
- 2 кг импортталған австралиялық ұн бағасы - 49,9 юань (2404 теңге);
- 2 кг жоғары сұрыпты ресейлік «Алейка» ұнының бағасы - 31, 8 юань (1532 теңге), сол салмақтағы «MAKFA» маркілі ұн бағасы - 29 юань.
Бейжіңдегі қазақстандықтар үшін қарапайым нан жақсы ас болып саналады.
Еске сала кетейік, Қытай азаматтарының көпшілігі үшін, Солтүстік-Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Азиядағы өзге елдердікіндей, тұтынушылық себеттегі негізгі ас дәстүрлі нан емес, олар үшін бастысы - күріш. Бұл аймақтағы табиғи-климаттық жағдайға байланысты.
Дереккөз/фото: inform.kz